№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЙДА ДЕМАЛҒАНДЫ ЖӨН КӨРДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЙДА ДЕМАЛҒАНДЫ ЖӨН КӨРДІ

Биылғы жазда демалу үшін қазақстандықтар Түркия, Мысыр, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сочиді таңдап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда, Мысырға жолдама сатып алғандардың саны 30 пайызға артқан. Егер уақтылы брон жасаған болсаңыз, Мысырға қарай орташа есеппен 300-500, Ал Түркияға 500 АҚШ долларын жұмсайсыз. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, жазғы демалыс кейде жанға жайлы қыдырыстан бөлек, едәуір әуреге де айналып кетуі әбден ықтимал. Мәселен, жайлы демалысыңызға ойда жоқта пайда болып, ақша қолға түскеннен кейін ғайып болып кететін алаяқ турфирмалар да осы уақытта «ұйқысынан оянады». Тіпті кейбір жағдайда бұрыннан абыройы бар турфирмалар кенеттен өздерін банкрот ретінде жариялай салуы да мүмкін.
2010-2018 жылдар аралығында туристік демалысты көздеген 12 мың қазақстандық ондаған миллиондаған доллар шығын көріп, жауапсыз туроператорлардың салдарынан шетелдегі демалысынан кейін Отанына орала алмай әуреге түскен. Осы жаздың басында да осыған ұқсас жағдай Алматыда тіркелді. Ол кезде турфирмалардың бірі 30 клиентті Түркияға жалған жолдама сатып, 19 миллион теңгеге алдап кеткен. Маусым айының соңында 18 қарағандықтан полицияға арыз келіп түсті. Олар алдап кеткен турагенттіктің директорына іздеу салып жатыр. Алаяққа алданып қалған туристер Еуропаға ұшуы керек болатын. Мұндай күрделі жағдайлардан сақтанып, демалысты әуреге айналдырмау үшін қазақстандықтардың не істеуі керектігі туралы жоғарыда аталған қорда түсіндірілді. Сондықтан, сақ болған абзал.

МАССАГЕТ.КЗ
15 шілде 2018 ж. 1 005 0