Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация

Адам папиллома вирусы бір вирус емес, 200-ден астам түрі белгілі байланысты вирустар тобы. Жоғары онкогендік қауіп түрлері деп аталатын АПВ-тың кем дегенде 14 түрі шырышты қабық арқылы таралады және ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация бағдарламасының негізгі мақсаты-әйелдерді жатыр мойны обырынан қорғау, бұл жағдайлардың 90% - АПВ тудырады және 70% жағдайда АПВ екі (16 және 18) жоғары онкогенді түрінен туындайды.
Бүгінгі күні АПВ-ның емі жоқ, жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз әдісі - вакцинация.
Қазақстанда 2024 жылдың күзінен бастап 11-13 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация жүргізілуде.
Вакцинация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.
Вакцина қауіпсіз және вирустың ДНҚ-сы жоқ. Аллергиялық реакциялардың ықтималдығы минимал¬ды. Жүргізілген зерттеулер бойынша, вакцина 10 жылдың ішінде әсерін жоғалтпайды және жыл сайын егу қажеттілігі жоқ.
Кез келген вакцинаны енгізу, дәрі-дәрмектер сияқты, инъекция орнында ауырсыну, қызару немесе ісіну сияқты жеңіл жанама әсерлерді тудырады.
Бас ауруы мүмкін, әдетте олар қысқа уақытқа созылады, екі күннен аспайды, мұның бәрі күтілетін реакциялар. АПВ вакцинасын алатын көптеген адамдарда бұл реакциялар мүлдем болмайды. Жатыр мойны обыры-алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік.
Бүгін қыздарға АПВ-ге қарсы вакцинация туралы шешім қабылдағанда, біз оларды болашақта онкологиядан қорғаймыз.
Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары