№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Аңдарға да қамқорлық керек

Аңдарға да қамқорлық керек


Аң аулау қағидаларын бекіту туралы ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, аң аулауды өткізу мерзімдері бойынша жұмыстар жасап келеміз. Яғни, ескерту, хабарландыру беріледі, заңға бағынбағандарды жаза күтіп тұрады. Сондықтан, тәртіпті бұзбаған жөн, бұл тек заңсыз әрекет емес, табиғат байлықтарына да мейірімділік керектігін көрсетеді.


Қарсақ, түлкі, қоян, (ақ қоян, ор қоян) 2024 жылғы 1 қараша- 2025 жылғы 15 ақпан айына дейін, құм қоян 2024 жылғы 1 қарашасымен 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін жарамды. Сол секілді бөдене, кептер, түркептер 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін. Мұнда аң аулайтын иттермен және жыртқыш құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулауға болады. Маймаққаз, қаз, қарашақаз, үйрек, қасқалдақ Қызылорда облысында қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін. Шіл (аққұр, тундралық, сұр, далашілі, сақалдышіл), шіл қыркүйектің алғашқы сенбісінен 30-қараша, борсық 1-қыркүйектен 15-желтоқсан аралығы. Қабан, қыркүйектің алғашқы сенбісінен 31-желтоқсан аралығы болса, қырғауыл 1-қараша мен 31-желтоқсанға дейін. Қазір көктем келді, аң аулау мерзімдері аяқталғанын құлағдар еткіміз келеді.

Ермұханбет БАЯЗИТОВ,
Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ-нің директоры орынбасары

08 наурыз 2025 ж. 214 0