Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СТУДЕНТТЕР СЫРДЫҢ ТОМИРИСІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

СТУДЕНТТЕР СЫРДЫҢ ТОМИРИСІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Анаға тағзым» орталығында облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен сұхбат-кездесу өтті. Шараға UAE SWAT Challenge сайысында топ жарған «Томирис» әйелдер командасының мүшесі, облыстық полиция департаментінің қызметкері Лаура Төлекова арнайы қатысып, жауапты әрі салмақты мамандыққа келу тарихы, қызметтегі міндеті, алдағы мақсат-жоспарларымен бөлісті. Еркін форматтағы кездесуде «Бойтұмар» қыздар клубының мүшелері тәртіп сақшысына өз сауалдарын қойып, ер адамдармен жұмыс істеудің қиындығы әрі қызықты тұстары, қызмет барысында есте қалған оқиғалар, мамандық таңдаудағы ата-анасының пікірі секілді бірқатар сұраққа жауап алды.

Сондай-ақ, сұхбат-кездесуде ОПД ЖПҚБ бөлім бастығы Ләйла Туысбаева тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері және олардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Полиция қызмекерлері қоян-қолтық ұрысының әдістері мен өз-өзін қорғаудың қарапайым жолдарын көрсетті.

Жастардың бойындағы отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді арттыруға бағытталған жиын соңында «Анаға тағзым» орталығының басшысы Алтынай Молжанова сөз сөйлеп, Сырдың қайсар қызына алғысын білдірді. Орталық атынан естелік сыйлық табыстады.

#UAESWATChallenge
#Томирис
#СырданШыққанТомирис
#ПолицияҚызметкерлеріменКездесу
#АманатӘйелдер
21 ақпан 2025 ж. 467 0