ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйіндегі №1 кітапханада және "Сунақата" БПҰ - да «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты кітап көрмесі өтті.
Шараның мақсаты: «Кітап-Amanat» партиялық жобасы аясында адамзаттың ұстазы Әл-Фарабидің өмірімен және рухани мұрасымен бүгінгі жастарды таныстыру.
Кітап көрмесінде кітапханаға келген жастарға шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны толық таныстырылып, таңдамалы трактаттарымен және өзге де кітаптары бойынша ақпарат берілді.
Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар. Сондықтан оларға тарихи тұлғаларды танытсақ, өз көшелеріне берген есім қандай адам туралы екенін білдіртсек олардың ой-өрістері кеңейе түседі.
Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы, әрі тиімді оқыту қажет. «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, өз өлкеміздегі Ұлы тұлғалар мен атақты адамдар жайлы білу біздің міндетіміз болу керек.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1155 жыл толуына орай мұндай шаралар алдағы уақытта әлі де жалғасын табатын болады.