» » Тағамнан уланудың алдын алу жолдары

Тағамнан уланудың алдын алу жолдары


Тағамнан улану – ауру тудыратын бактериялар, вирустар, паразиттер немесе токсиндермен ластанған тағамды немесе сусынды тұтыну нәтижесінде пайда болатын денсаулық жағдайының бұзылысы.

Тағамнан уланудың негізгі себебі – микроорганизмдер мен олардың токсиндері.
Олар мыналар болуы мүмкін:
1.Бактериялар: Сальмонелла, кампилобактер, клостридия, стафилококк, шигелла .
2.Вирустар: Норовирус, гепатит А вирусы.
3.Паразиттер: Ламбий, тігея, гельминттер.
4.Токсиндер: Кейбір бактериялардың токсиндері, мысалы, ботулинум токсині.


Тағамнан улану белгілері симптомдарға қарай әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ең жиі кездесетіндері:
- Жүрек айну және құсу;
- Іш өту, іштің ауырсынуы
- Бас ауруы;
- Дене температурасының көтерілуі;
- Жалпы әлсіздік.
Тағамнан улану диагностикасы дәрігердің арнайы сараптама жүргізуін талап етеді. Әдетте:
- Науқастың анамнезін жинауды
- Физикалық тексеруді
-Лабораториялық зерттеулерді (қаны, нәжісі, құсығы) талап етеді.
Тағамнан уланудың арнайы емі жоқ, негізінен симптомдарды азайтуға бағытталады, яғни сұйықтық қабылдау, денедегі су деңгейін қалыпқа келтіру үшін көп мөлшерде су ішу.
Диета, майлы, қышқыл тағамдардан бас тартып, жеңіл ас қабылдау. Ас қорыту жүйесі қалпына келгенше ауыр тағамдар пайдаланбау.
Дәрігердің ұсынысымен антибиоиктер, пробиотиктер немесе антиспазматиктер қолдануға болады.
Алдын алу шаралары:
- Тағам дайындағанда және тұтынғанда тазалық сақтау;
- Етті, балықты, теңіз өнімдерін жеткілікті деңгейде термиялық өңдеу;
- Сүт және сүт өнімдерін пастерленегн түрінде тұтыну;
-Жемістер мен көкөністерді мұқият жуу;
- Ас дайындау кезінде және кейін қолды жиі жуу;
- Тағамдарды дұрыс сақтау (тоңазытқышта сақтау және мерзімін бақылау)
Тағамнан улану ауыр жағдайға дейін жетуі мүмкін, сондықтан тағам өңдеу және тұтыну шарттарына қатаң түрде назар аудару қажет.
Егер белгіленген белгілер байқалса, дәрігерге жүгіну өте маңызды.

Ж.Нұрсұлтанова,
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары
22 қаңтар 2025 ж. 158 0