Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 545

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 2024: көп қойылған есімдер

2024: көп қойылған есімдер

2024 жылы жаңа туған сәбилерге қойылған танымал есімдердің тізімі өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2024 жылы ұл балалар арасында танымал есімдер тізіміне Нұрислам есімі енбеді. Соңғы 10 жыл бойы (2014 жылдан бері) бірінші орында тұрған Әлихан есімін Мұхаммед есімі ығыстырып, көш бастады.
Ұлдарға ең жиі қойылған ТОП-10 есім:
Мұхаммед
Айсұлтан
Әлихан
Мұхаммад
Омар
Әлидар
Әмір
Алан
Әли
Хамза
Қыз балалар арасында ТОП-10 тізіміне Мәриям есімі кіріп, Әмина есімін ығыстырды.
Қыздарға ең жиі қойылған ТОП-10 есім:
Айлин
Медина
Асылым
Айша
Томирис
Аяла
Айым
Раяна
София
Мәриям
Ұлттық статистика бюросы «Танымал есімдер» онлайн-сервисінің функционалын кеңейтті. Енді пайдаланушылар жаңа туған нәрестелерге ең жиі немесе сирек қойылған есімдер туралы толық әрі әртүрлі ақпарат ала алады.
29 желтоқсан 2024 ж. 1 787 0