Қызылордалықтар балаларына қандай есімдерді жиі қоятыны белгілі болды
Биылғы жылы қызылордалық ата-аналар балаларға қойған ең танымал есімдер Мұхаммед пен Айлин болды, деп хабарлайды"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы.
Ұлдар арасында ең көп таралған есім Мұхаммед есімі болды. Жыл басынан бері Қызылорда облысында 2661 Мұхаммед дүниеге келді. Сонымен қатар танымалдылыққаие есімдердің арасында Айсұлтан, Ерасыл және Әлихан есімдері бар.
Жаңа туылған қыздар үшін ата-аналар көбінесе Айлин есімін таңдады. Ағымдағы жылдың 9 айында осындай есіммен 2192 қыз дүниеге келді. Сондай-ақ, Медина, Амина және Ясина есімдері сұранысқа ие.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында 13 мыңға жуық бала дүниеге келген.
Естеріңізге сала кетейік, тууды тіркеуге өтінішті ХҚКО, электрондық үкімет порталы арқылы және проактивты түрде беруге болады. Бұл ретте, бала туылғаннан кейін сәбидің анасына 1414-тен құттықтау SMS-хабарлама келіп, қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты кезең-кезеңімен сұрататын болады.