ӘР ІСКЕ ЕЛШІЛ ЖАНАШЫРЛЫҚ
Қыркүйекте Жолдау жарияланады. Бұл дәстүрдің жалғасып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Ал биылғы Жолдау «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында өрбіп, біраз түйткілді мәселелер қозғалды.
Нақтырақ айтқанда 9 стратегиялық бағыт аясында байыпталған Жолдауда Президент «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты» деген тың ой айтты. Алаш тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының шәкірттеріне айтқан ең соңғы аманаты «Айналайындар, мұғалім болыңдар!» деген бата екен. Бұл сөздің астарында елге жауапты болу міндеті тұрғаны анық.Одан әрі Мемлекет басшысы экологиялық жаңару мен қоғамдық тәртіп құндылығы маңызына тоқталды. Расында, біз «Таза Қазақстан» акциясын сана, іс тазалығы деңгейіне көтеруіміз қажет. Ал Президент әділдік пен қауіпсіздік аясында сөз еткен әскерді мемлекеттік тіл мен бірлік дәстүрін табиғи сіңіретін ерлер мектебіне айналдыра білуіміз керек.
P.S. «Әр іс елге деген жанашырлық ниетпен жасалсын!» деген Жолдау түйінінен осыны ұқтық.
ЛАУРА БИБАСАРОВА
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ