Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасанды интеллект: үміт пен күдік

Жасанды интеллект: үміт пен күдік


Әртүрлі күрделі функциялар мен механизмдерді игерген, адамның ми жүйесімен бірдей жұмыс атқаратын әрі «әп сәтте» дайын дүниені ұсынатын жаңа технологияның бүгінгі жетістігін бір ауыз сөзбен жасанды интеллект дейміз.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алан Тюринг есімді ағылшын математигі немістің құпия ақпаратын бұзып, оны шифрдан шығаратын машина құрастырды. Сонымен қатар, ол немістердің Энигма аппаратының кодын бұзып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соғыстан кейін ағылшын ғалымы алгоритмдік анализ жасаумен айналысып, 1950 жылы компьютер интеллектінің деңгейін анықтайтын тест әдісін жасап шығарады. Осы кезден бастап «жасанды интеллект» ұғымы тарай бастады. Ал 1956 жылы АҚШ тың Дартмут колледжінде Джон Маккарти есімді бағдарламашы «жасанды интеллект» ұғымын ғылымға енгізді.

Илон Масктың жетістігі

Әйгілі электромобильдері мен күн энергетикасымен байланысты өнімдер ұсынып, әлемдік ірі өнертабыстар ошағына айналған TESLA компаниясы жайлы білмейтін жұртшылық жоқтың қасы. Аталмыш компанияның негізін қалаушылардың бірі әрі директоры әйгілі кәсіпкер – Илон Маск. Әлемдік деңгейдегі жетекші кәсіпорынның негізгі мақсаты — экологиялық таза, жаңартылатын энергия көздеріне негізделген болашақты құру. Талайды таңдай қақтырып, бұрын соңды еш жерде болмаған өнімді ұсынған өнертапқыштың жетістігі тек бұл ғана емес. Иә, Илон Масктың ең үлкен жетістіктері қатарында ғарыш технологияларын дамыту және экологиялық таза болашақты құру бағытындағы жұмыстарымен қоса қайта пайдаланылатын зымырандар, және Starlink арқылы ғаламдық интернет желілерін қамту жұмыстарын айтуға болады. Ал бүгінгі жаңа технологиялар дәуірінде әлемдік ірі державалар бәленбай милиардтап инвестиция құйып отырған жасанды интеллект саласына да әйгілі кәсіпкердің алып қосары жоқ емес. Өнертапқыштың жасанды интеллекттегі ең үлкен жаңалығы өзі тізгіндеген «Tesla» компаниясы әлемдік автоөндіріс саласына тағы да ерекше өнім ұсынды. Бұл жолы компания рулі мен педалі жоқ робот-такси шығарды. Құрылымы жағынан көпшіліктің таңданысын тудырған робот-такси адамдарды тасымалдауға арналған. Компания жаңа туындысын тамыз айында көпшілікке көрсетуді жоспарлағанмен, дизайынына біршама өзгеріс енгізу мақсатында таныстырылым уақытын кейінге шегерген.Тіпті жалпыға қолжетімді жаңа жобаны әзірлеп, ұсынып та үлгерген ғалым Open AI жасанды жүйесімен де әлем назарын өзіне қаратып отыр. Осылайша ол батыл идеялары мен үлкен мақсаттарының арқасында қазіргі заманғы технологиялар саласындағы ең ықпалды тұлғалардың біріне айналды.
OpenAI жасанды интеллектті зерттеу компаниясы ретінде 2015 жылы құрылды. Компанияның мақсаты — жасанды интеллектті адамзат игілігі үшін дамыту және қауіпсіз әрі пайдалы технологияларды жасап шығару. Компания GPT-3, GPT-4 сияқты қуатты тілдік модельдерді жасап шығарды, соның арқасында жасанды интеллект саласында үлкен жетістіктерге жетті. Жоғарыда аталған GPT-3, GPT-4 жүйелері бүгінде біздің елемізде де кең қолданысқа ие. Әсіресе, мұғалімдер мен мектеп оқушылары және студенттер арасындағы танымал электрондық жүйе деуге болады. Аталмыш ақпараттық чат боттар нақты әрі жүйелі мәліметтерді ұсынуға негізделген. Тіпті сұрағыңызға қаншалықты көлемде жауап керек екені де өз таңдауыңызбен жүзеге асырылады. Боттың тағы бір ерекшелігі балағат сөздерді қабылдамауында. Сонымен қатар сізге ұсынылған мәліметтер екінші қолданушыға қайта берілмейді. Бұл боттарды оқушылар мен студенттер эссе, шығарма, курстық жұмыстар жазуда кеңінен қолдануда. Әрі бұл боттардың ұсынған жазбасы көшірілген мәлімет болып табылмайды. Яғни, ешқандай сілтемесіз немесе белгілеулерсіз жеке жұмыс ретінде ұсынуға толық негіз бар.
Жасанды интеллекттен қандай қауіп келуі мүмкін?
Таяқтың екі ұшы бар демекші, жасанды интеллекттегі бұл жетістіктер сәйкесінше, адам интеллектісінің дамуын тежеуі әбден мүмкін. Бұл біздің «дайын асқа тік қасық» деген мақалымызбен толық түсіндіріледі. Нақтылай кетсек, мектеп жасындағы балалар мен студенттер жоғарыда айта кеткеніміздей эссе немесе шығармалық жазба жұмыстарын ақпараттық боттардың көмегімен оңай әрі аз ғана уақыттың ішінде жазып шыға қояды. Әрі мұндай боттар тақырыптық жазба жұмыстарды 70 пайызға дейін жүйелі жазғандықтан оны адамның жазғанынан айыру қиынға соғады. Бұл жасанды интеллекттің теріс тұстары да бар екендігінің ең қарапайым мысалы ғана. Open AI ұсынған жасанды интеллект Chat GPT-дің өзі бұл сұрағымызға төмендегіше жауап ұсынды:
Иә, жасанды интеллекттің (ЖИ) зиянды тұстары болуы мүмкін, егер оны дұрыс басқармаса немесе қате қолданса мынадай қауіптің туындауы ықтимал:
Жұмыс орындарын жоғалту: ЖИ көптеген автоматтандырылған процестерді жүзеге асыра алады, бұл адамдардың кейбір жұмыс орындарынан айырылуына әкелуі мүмкін.
Құпиялылықтың бұзылуы: ЖИ үлкен көлемдегі деректерді өңдейді, бұл жеке мәліметтердің құпиялылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Алалаушылық: ЖИ жүйелері кейде адам жасаған деректерге сүйеніп жұмыс істейді, ал егер бұл деректерде алалаушылық (дискриминация) болса, ЖИ да осы қателіктерді қайталауы мүмкін.
Бақылау мен тәуелділік: ЖИ қолданылғанда, кейбір компаниялар мен үкіметтер адамдарды бақылау үшін оны теріс пайдалануы мүмкін, бұл жеке еркіндікке қауіп төндіруі мүмкін.
Қауіпсіздік мәселелері: ЖИ-ге негізделген жүйелерге хакерлік шабуылдар жасалып, олар қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін, әсіресе әскери немесе денсаулық сақтау сияқты салаларда қауіптің алдын алуға икемделгеніміз абзал.
Иә, аңғарғанымыздай жасанды интелектінің мүмкіндіктері зор болғанымен, оны қауіпсіз және әділ қолдану үшін қатаң бақылау мен реттеу қажет.

Қазақстан жасанды интеллект дамуының қай кезеңінде?

Еліміз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырып, ЖИ-ді дамытуға ерекше мән беруде. Бұл бағдарлама ЖИ-ді қолдануды денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, қаржы және көлік сияқты салаларда кеңейтуге бағытталған. Мысалы, ауыл шаруашылығында деректерді талдау мен автоматтандыру арқылы өнімділікті арттыру жоспарлануда. Бүгінде еліміздегі жетекші университеттер мен ЖОО-лар ЖИ саласында мамандар даярлауды бастады. Осы бағытта білім беру бағдарламалары жетілдіріліп, ЖИ саласында кадрлар дайындау болашақтағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде қарастырылуда. Сонымен қатар жалпыға ортақ электронды үкімет порталындағы электронды цифрлық құжаттардың автоматтандырылғанына қарап, мемлекеттік қызмет көрсету саласында да цифрландыру дәуірінің жаңа серпілістерін байқауға болады.
Айта кететіні, ЖИ-ді қауіпсіздік және құқық қорғау органдарында қолдануға қызығушылық танытып отырғанымыз белгілі. Бұл технологияны бейнебақылау жүйелерінде, деректерді талдауда және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қолдану мүмкіндіктері әлі де қарастырылуда. Аталмыш саладағы ЖИ көрінісі ретінде жолдағы жылдамдықты шектен тыс асырудағы жол полициялары тоқтатып, ескертпей-ақ бейнебақылау камераларына түсіп қалу арқылы тиесілі айыппұлыңызды онлайн төлеп отырғаныңызды айтуға болады. Бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтар белгілі бір сот орындаушыныңың ықпалымен дұрыс шешімін табуға жол тартып жүрген болса, қазіргі уақытта мөлшерлі уақыттан асып кеткен айыппұлдар мен олардың өсімпұлдары сізге тиесілі банк счеттарын нейрондық жүйенің арғы жағындағы робот бұғаттап, немесе бұғаттан босатып отырады. Міне, мұндай жүйелердің қолданысқа келуін еліміздегі ЖИ дің дамуымен байланыстыруға толық негіз бар. Дегенмен, Қазақстандағы жасанды интеллект саласы қарқынды дамып келе жатқанымен, оның әлеуетін толық іске асыру үшін әлі де көптеген инфрақұрылымдық және кадрлық мәселелерді шешу қажет. Бүгінгі үкіметтің қолдауы мен технологиялық прогресстің артуы бұл саланың алдағы уақытта маңызды рөл ойнайтынын көрсетеді.

Жаңа технологиялар еңбек нарығына қалай әсер етеді?

Жасанды интеллект адам баласының жұмыссыз қалуына да себепші болуы мүмкін деген үрей жыл санап артып келеді. Оған себеп, жаңа технологиядағы жетістіктер мен адам сенгісіз жасанды жүйелер адам қызметін толық алмастыруға қауқарлы. Мысалы, 2014 жылы америкалық миллиардер Джефф Безос Amazon.com компаниясының жүк тасымалдайтын мыңдаған қызметкерін жұмыстан босатып, оларды роботтармен алмастырды. Қазіргі таңда компанияның қоймаларында жүз мыңнан астам робот жұмыс істейді. Осыған қарап жоғарыдағы пікірдің қалыптасуына деген негіз жоқ еместігін аңғарамыз. Расымен, соңғы уақытта адамдар жаңа технологияларды меңгеріп, мықты маман атанбаса, жұмыссыздар қатары көбейе беретіні жиі айтылып жүр. Себебі адам істейтін жұмысты автоматтандыру арқылы жүзеге асыра беруге болатынын бәріміз байқадық. Қазір әлемдегі алпауыт компаниялар өндіріске автоматицазияны енгізіп үлгерді. Егер осылай жалғаса берсе, «адамдар жұмыссыз қалуы мүмкін» деген ойдың орындалып кетпесіне де кепілдік жоқ. Бірақ, АҚШ пен Қытай, Жапония сияқты ірі мемлекеттерде жаңа технологиялардың қолданысқа енуі басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда алдыңғы орындарда екенін білеміз. Де­сек те, жұмысшының орнына жалақы сұрамайтын роботтардың келуі артқан сайын, адам қызметін қажет ететін жұмыс орындарының да артып жатқанын көруге болады. Оған себеп, белгілі бір жүйеге негізделген роботтар немесе басқа да жасанды дүниелердің адаммен айырмашылығы жер мен көктей. Соның ішінде, пікір білдіру, сыни көзқарас қалыптастыру сынды адам миына ғана тәуелді философиялық жетістіктер тек саналы адамға тән қасиеттер ғана болып қала бермек. Яғни, технофобияның қалыптасуы негізсіз дейді ғалымдар. Себебі осыдан бірнеше жылдар бұрын адамның физикалық күшін қажет ететін жұмыстарға қазір роботтар жауапкершілік алуда.
Хош. Түсінгенімізше жасанды интеллект пен автоматтандырылған жүйелер, роботтар мен басқа да өнертабыстар көптеп шығарылған сайын адамның адами ойлау қасиеттері артып, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндігі молая түспек. Салдарынан уақытқа тәуелділіктен арылу, тым көп жауапкершіліктен босау сынды оң нәтижелерге жететініміз де белгілі. Қорытындылар болсақ, еліміздің еңбек нарығында айтарлықтай өзгеріс орын алуы әзірге байқалмай тұр. Тек халық заман талабына сай уақытылы бейімделе алғаны абзал. Ал роботицазия бәлкім 30 немесе 40 жылдан кейін күн тәртібіне шығатын мәселе болуы мүмкін.

Жәмила ЕРМАХАН
22 қазан 2024 ж. 364 0