№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылу маусымына дайындық қалай?

Жылу маусымына дайындық қалай?


Сейсенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен жылу маусымына дайындық мәселелерін талқылаған мәжіліс өтті.


– Биыл жаңа жобалар іске асып, жылу беруге дайындық жұмыстары­на республикалық және жергілікті бюджеттен қысқы маусымға дайындық жұмыстарына 12 млрд-қа жуық қар­жы бөлінді. Оған өңірдегі коммунал­дық жүйелердің материалдық-техника­лық базасын нығайту және жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен шеші­мін тауып келеді. Оны тиімді игеріп, жұмысты барынша сапалы жүргізу қажет. Алдағы жылу маусымында еш­қандай мәселе туындамауы тиіс, – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар қала және аудан әкімдеріне бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, коммуналдық кәсіпорын басшыларына әлеуметтік нысандарда жоспарланған күрделі жөндеу, қазан­дықтарды қайта жаңғырту жұмыстарын бақылауды жүктеді.
Жергілікті бюджет есебінен Қы­зылорда жылу беру орталығына 531 млн теңгеге арнайы техника алып берілген, 2 газтурбиналық қон­дыр­ғының генераторы мен 11 қазан­дыққа күрделі жөндеу жұмысы жүргізілу­де. Жалпы, облыстағы 1067 әлеуметтік нысан толық дайын. Алдағы жылу беру маусымына 162,5 мың тонна, оның ішінде тұрғындарға 135,7 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 26,8 мың тонна көмір керек. Нақты кезеңде көмір қоймаларында 33 мың тонна көмір бар екені белгілі болды.
Облыс әкімі мәжілісінде қаралған мәселелер бағытында ауданда да атқарылар істер аз емес. Бұл тура­лы Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жо­лау­шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қайрат Сапарбаевтың хабарламасы тыңдалды. Жалпы биылғы жылыту маусымында тұрғындарға 24458 тонна көмір қажет. Осы қажетті қатты отынды мерзімін­де жеткізуде мәселе туындау себе­бі, жергілікті жерде көмір тасымал­дайтын меншікті операторлармыз жоқ. Көмір тасымалдаушы сыртта­ғы кәсіпкерлермен келісім жасалып, «ВЕСТ» ЖШС теміржол арқылы 6141 тонна көмір, автожол арқылы 1050 тонна көмірді жеткізіп берді. Кент және ауылдық округтерді қосқанда 13473 тонна көмір қоры бар.
Аудан әкімі Мажит Самитұлы әсіресе әлеуметтік мекемелерді, оның ішінде білім бөлімі мен аудандық денсаулық сақтау саласы нысандарының қысқа дайындығын нақтылауды тапсырды. Бесарық, Кейден және Манап ауылдарындағы дәрігерлік амбула­торияларға көмірдің әлі жеткізілмегенін сынға алды. Сол сияқты өзі елді мекендерді аралау барысында Қаратөбе ауылындағы балабақшаның жылу жүйесінің жарамсыздығына көзі жеткенін, осы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанына жауапты тұлғаларды орнынан тұрғызды.
Ауданда 144 әлеуметтік нысанның 90-ы қатты отын, 25-і сұйық отын, 29-ы газ отынымен жылытылады.
Тамыз бен қыркүйек айында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдерімен Жаңақорған ауданындағы коммуналдық-тұрмыстық секторлардың жылыту маусымына дайындығына толықтай тексеру жүргізілген. Анықталған ақау толық қалпына келтірілді. Сол сияқты энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттары жөнінде нақтылаған хабарламашы жылыту маусымының штаттық режимде өтуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Аймақ» акционерлік қоғамы аудандағы барлық газ тарту жүйелерін техникалық сынамадан өткізіп, тексеру жұмыстарын жүргізгенін айтты. Нақтылап айтқанда, 2 дана газ реттеуші (ГРП) және 29 дана шкафтық газ тарату бекеттеріне (ШРП) техникалық қызмет көрсетілді.
Сала басшысы сонымен қатар қысқа әзірлік жұмыстары қатарында жолды қардан тазарту, құм және тұз аралас құм себу жұмыстарына мердігермен шарт жасалып отырғанын жеткізді. Қысқы тазалық жұмыстарын жүргізуге 4 арнайы техника және 300 м3 тұз аралас құмның қоры дайын екенін айтты.
Аудан басшысы кент және ауыл әкімдеріне қарауындағы барлық әлеуметтік нысанды аралап көріп, қысқы жылу кезеңіне қанша отын қоры қажет екендігін нақты есепке алып, жан-жақты әзірлікке негіз қалануына ықпал етуді тапсырды. Қазір қоймада тұрған көмірді жеке тұрғын жайларға уақтылы тасып алу мәселесі де өзекті. Халық жаппай осыған қам қылуы керек. Сонымен қатар аудандық төтенше жағдайлар бөліміне «ГазТранс Аймақтың» аудандық бөлімшесімен бірлесе отырып көмір және газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерінің сақталуы бойынша насихаттық-түсіндірме жұмыстарын қатар жүргізу қажеттігін ескертті.

Жәмила ЕРМАХАН
12 қазан 2024 ж. 324 0