№78 (8789) 1

01 қазан 2024 ж.

№77 (8788) 28

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (8787) 24

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Есірткі есіңді шығарады

Есірткі есіңді шығарады


Әлемдік сарапшылардың мәліметінше, соңғы уақытта ішімдік пен құмар ойынды есірткі саудасы басып озуы әбден мүмкін. Өйткені, қазір есірткіге құмартқандар саны артса, оның нарықтағы бағасы асқақтап тұр. Сондықтан бұл дерттің алдын алу үшін біздің елде ғана емес, жаһан жұрты күресті күшейтті. Әсіресе, карантин уақыттарында оңай олжалы боламын дегендер айналадағыларды есірткімен еліртіп, санасын улап тастағанын да аңғармай қалған. Салдарынан қаншама жастың тағдыры қыршынынан қиылды.


Енді есірткі өндіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 21 мамырдағы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жасырын зертхана ашып, есірткі өндірген азаматтарды өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленген. Құжат нашақорлық пен есірткі бизнесіне мемлекеттік және қоғамдық қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Жалпы бұған қарсы жұмыстар жасалынып, қылмыскерлер құрықталып жатқанынан қарамастан бұл дертке душар болғандар саны артпаса кеміген емес. Әсіресе, жастардың әуестігі қоғамның нағыз қасыретіне айналуда. Елдегі алаяқтық қылмысынан кейінгі есірткі саудасының өсім алуы көңілге кірбің түсіреді. Басқасын айтпағанда, біздің ауданда бұл іс бойынша соңғы үш жылда қаншама дерек тіркеліп, темір торға тоғытылғандар аз емес. Расын айту керек, бұл қылмыспен күресті дер кезінде қолға алмаса болашағымыз бұлыңғырланып кетуі әбден мүмкін. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесіндегі ең басты элемент – алдын алу. Бекітілген іс-шаралар жоспар бойынша 1 айдың ішінде қала халқының барлық топтарын, әсіресе жастар мен балаларды тарта отырып, рейдтік іс-шараларды, сондай–ақ мәдени-демалыс және спорттық-сауықтыру ісшараларын өткізуді жоспарлау елдің әр өңірінде қолға алынуда.
Ішкі істер министрі Е.Сәденовтің айтуынша, елімізде шама­мен 700-ге жуық есірткі түрі немесе балама заттар бар. Елдегі есірткі мәселесіне каннабис шикізаты, «Солтүстік бағыт» арқылы өтетін ауған героині, синтетикалық есірткінің таралуы әсер етеді. «Қазір есірткі қылмыстары толығымен киберкеңістікке қарай өтті. Бұл ретте «крипто-кошелек», «мессенджер» және басқа да инновациялар қолданылады. Күресу тәсілдері де үнемі жаңарып отырады. «Киберқадағалау» жүйесі арқылы анықталған есірткі сайттары бұғатталады. Тыйым салынған контентті автоматты түрде іздеу арнайы бағдарламамен қамтамасыз етіледі. Есірткі тұтынушылар арасында «Телеграм» мессенджері танымал. Есірткі таратушылар бір-бірін танымайды, барлық байланыс түрі «боттар» арқылы жүргізіледі», – деді Е.Сәденов.
Расында есірткі саудасының кеңістігі күн санап кеңейіп барады. Бұған тұсау жасау жұмысы жанданып келеді. Уәкілетті органдар ұсынған статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 2022 жылы есірткі қылмысы үшін сотталғандар саны – 3 425, ал 2024 жылы да осы көрсеткішке жуықтапты. Бұл елдегі сотталған адамдардың жалпы санының 15 пайызы. Бұл мәселеде Сыр өңірінің де ахуалы күрделі. Әсіресе, құм, жазық далада, тіпті көл-тоғандар мен орман ішіне жасырылынып егілген есірткі табу жыл сайын дәстүрге айналды. Биыл бұл іс бойынша әзірге аудандық сотта бір ғана дерек тіркеліп, кінәлі азамат 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Ал, 2023 жылы 6 іс аяқталып, 2 іс бойынша қос азамат 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылса, 4 ісге қатысы бар 4 тұрғын 3 жылдан арқалап, түрме есігін қақты. 2024 жылы да бірнеше дерек тіркелгенін жауапты сала мамандары жеткізді.
Қорыта айтқанда, адамға берілген құндылық – өмір болса, сол өмірді дұрыс сүру, тәрбиелі ұрпақ өсіріп, елге адал қызмет ету маңызды болып қала бермек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

01 қазан 2024 ж. 113 0