№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰМЫТШАҚТЫҚТЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?

ҰМЫТШАҚТЫҚТЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?

     Соңғы кездері «ұмытшақтыққа» байланысты әңгіме көбейді. Мұны дәрігерлер мен психологтар да жасырмайды. Тіптен, бесіктен белі шықпаған балғындар арасында «жаңа не дедіңіз?» дейтін ұмытшақтар аз емес. Мұның себебі неден? Біз осыны зерделедік... 
     Кіп-кішкентай балаңыз ұмытшақ болса, таңғалатын ештеңесі жоқ. Балаға тәтті газды сусындар ішуге, әрі сағызға да шектеу қойылмайды. Себебі, ол заттар балаға зиян екен, мұны шетелдік ғалымдар былай түсіндіреді.
Тәтті газды сусындар мен сағыз құрамында болатын аспартам (Е951) және басқа қант алмастырғыштардың бас ауруына, түрлі аллергияларға ұшырататынын, ал ең бастысы – ми жұмысына кері әсері барын, адамның есте сақтау қабілетін төмендететінін анықтаған.
     Жуырда АҚШ-тың Юта штаты ғалымдары: «тәтті газды сусынның күніне бір литрін ішкен адамның өмірі екі есе қысқарады» – деген пікірді жария етті. «Қант па, қант алмастырғыштар па, тіпті аз мөлшерде де сүт қоректілер ағзасына өте зиянды. Бүгінде біз қалыпты деңгей деп белгілген қант мөлшері, негізінде, қалыпты емес, қауіпті деңгей екені анықталып отыр», – дейді америкалық профессор Уэйн Поттс.
Ал бостондық ғалымдар зерттеулері нәтижесінде, тәтті газды сусындардың буын ауруларына себепші екені белгілі болды. Зерттеу жүргізу мақсатында 2149 адам бақылауға алынған. Доктор Бинг Лу: «Әсіресе, тәтті газды сусындарға үйір ер адамдар буын ауруларына жиі шалдығады». Әрине, сусынның түр-түрі көп екенін ескерте кетейік, сондықтан барлығын балаға беру зиян деп те қарауға әсте болмас.
      Күнделікті дастарханда тұратын кәдімгі қанттың әсерінен туындап, асқынатын аурулардың санын ғалымдар 58-ге жеткізген. Айталық, көздің көру қабілетін төмендетеді, бүйрекке зиянды, ағзаның бактериальдық инфекцияларға қарсылығын төмендетеді екен. Ия, бұл ғалымдардың зерделеп, зерттегені. Яғни, бұл кеселдің бір параса осындай.
Жалпы, ұмытшақтық ауруы тек жасөспірімдерде ғана емес, орта жастағы ой-өрісі дамыған жеке тұлғаларда де жиі кездеседі. Психолог мамандар бұл түйіткілге себеп қарапайым төрт түрін мысал етті. Біріншіден, қобалжудан дейді, яғни стрес, жиі уайымнан. Екінші, компьютер мен ұялы телефонды көп пайдалану және үшіншіден, уақытылы ем қабылдамаудан туындайды. Сондай-ақ, шылым мен ішімдікті көп қолданатындардың есте сақтау қабылеті нашарлайтын көрінеді.
    Ал, есте сақтау қабылетіңізді арттырғыңыз келсе, онда кітап оқу керектігін мамандар алға тартады. Яғни, мақал-мәтел жаттау, өлең шумақтарын жатқа айтып, қайталау, әдеби кітаптарды жиі оқу ұмытшақтыққа тосқауыл бола алады екен.
    ТҮЙІН. Иә, дамыған отыздыққа ұмтылған Қазақстан секілді мемлекеттің бүгінгі ұрпағының ақылды да, алғыр болуы шарт. Сондықтан, ұмытшақтық ұлтқа төнген қауіп деп қарасақ онда неге алдын алмасқа, біздің тараптан тек айту арғы жағын өздеріңіз саралайсыздар...
01 маусым 2018 ж. 1 152 0