№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіпсіз сауда – халық үшін

Қауіпсіз сауда – халық үшін


2024 жылдың 23 шілде күні Жаңақорған тынысы баспасөз орталығында брифинг өтті.Тақырыбы: «Қауіпсіз сауда» акциясы бойынша.
Спикер: Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Ш. Жәдіков.
Кент орталығында сауда орындарының көбеюі қоғам қауіпсіздігін нығайта түсуді меңзейді. Сондықтан әр адам өзіне тиесілі аймақта, сауда-саттық кезінде қоғамның қауіпсіздік шарасын білгені абзал. Бір ғана нүктенің жауапсыздығы мен немқұрайлылығынан алып базар өртке орануы мүмкін. Күніне мыңнан астам халық келетін орталықтың қауіпсіздігі қырағы қамқорлықты талап етуде. Біз мұны Жаңақорған ауданы төтенше жағдай бөлімінің «Қауіпсіз сауда» акциясы аясында ұйымдастырған
түсіндірме жұмыстары кезінде ұқтық. Бөлім қызметкері Шыңғыс Жәдіков сауда орындарында жүргізілген жұмысы жөнінде жергілікті журналистерге брифинг берген еді.
- Біздің бөлім өрттің алдын алу профилактикасы бойынша жүйелі жұмыс жасауда. Биылғы жылдың өзінде әр апта сайын сауда орталықтарында сатушылармен сатып алушыларға ескертпе үн парақтар, брошюра таратып, халықпен еркін форматта жүздесіп, сұрақтарға жауап беріп келеміз" - деді ол.
2024 жылғы 22 шілдеде Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері, Жергілікті атқарушы органдармен, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы Жаңақорған аудандық филиалының қызметкерлері, Жаңақорған тынысы газетінің тілшілері, Жаңақорған жастар ресурстық орталығының мамандары және еріктілерімен бірлесіп, Жаңақорған кентінде орналасқан «Нұр» және «Нұр Асыл» сауда орталықтары мен Кенттегі сауда дүкендерге өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар «Әліппе-Азбука» қосымшасын қолдану тәртібі мен «Төтенше жағдайлардың алдын алу», «Өрт қауіпсіздігі» және «Судағы қауіпсіздік», «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Сөз соңында Бөлімнің аға инженері азаматтық қорғау майоры Жәдіков Шыңғыс Байділдаұлы аудан тұрғындарына қауіпсіздік талаптарына жоғары жауапкершілікпен қарап, өз отбасыларында үнемі әр түрлі тақырыпта қауіпсіздік шараларын насихаттайтын әңгіме жүргізуге шақырды.
Тұрғындарға кез-келген төтенше жағдайдың куәгері болса 101 немесе 112 номерлеріне қоңырау шалуды және құтқару қызметі тәулік бойы ел тыныштығын күзетуге әрдайым дайын екендігін атап өтті.

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
23 шілде 2024 ж. 820 0