Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Брифинг өтті

2024 жылдың 12 шілде күні Жаңақорған тынысы баспасөз орталығында брифинг өтті.
Тақырыбы: «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары бойынша».
Спикер: Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Ш. Жәдіков.
Жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп арнайы дайындалған үн парақтар таратуда.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды және судағы қайғылы жағдайға ұшырамас үшін төмендегілерді есте сақтаңыз:
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- таныс емес жерде шомылуға болмайды;
- шектейтін белгілерден асып, сүңгуге болмайды, суға көпірлерден, жағалаудағы бөгетшелерден секіруге болмайды;
- шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;
- мас күйінде шомылуға болмайды.
Ауа райының ыстық болуына байланысты көптеген демалушылар табиғатқа шығып, бос уақыттарын су айдындарының жағасында от жағып, балық аулаумен өткізеді. Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері суға шомылу маусымы кезінде суға түсуге рұқсат етілмейтінін ескертеді. Себебі Жаңақорған ауданы аумағында суға түсуге болатын арнайы орындардың жоқ екендігін еске саламыз. Осыған байланысты аудан аумағындағы Сырдария өзеніне, көлдерге, каналдарға барып шомылуға тиым салынады. Жазғы демлыста балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғап жүріңіздер, сақ болыңыздар.
Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, оның ішінде жаз айларында суға түсу маусымында судағы адамдардың әсіресе балалардың қазасы өзекті мәселе болып отыр.
Жыл басталғалы облыс аумағындағы су айдындарында әр түрлі жағдайлар мен оқыс оқиға салдарынан 14 адам қаза болды, оның 10 бала (Шиелі ауданы – 5 адам, Қызылорда қаласы – 3, Қазалы ауданы – 3 адам, Жанақорған ауданы – 1 адам, Сырдария ауданы – 1, Арал ауданы - 1. Байқаусыздан суармалы каналға түсіп кеткен – 6; белгісіз жағдаймен – 3, суға шомылу себебінен – 5 бала). 2023 жылдың 6 айында 17 адам қаза болды, оның 4-еуі бала (Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы адам қазасы 17,6% төмендеп тұр).
Анықтама ретінде: Жалпы өткен 2023 жылы облыс аумағындағы су айдындарында 32 жағдай тіркеліп, 34 адам қаза болды, оның 8-ы бала.
Жыл басынан су айдындарында 4 адам құтқарылды. (2023 жылы 3 адам адам құтқарылды).
Анықтама ретінде: Соңғы 3 жылда облыс су айдындарында адам қаза болған төтенше жағдайлар
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады.
Анықтама ретінде:
- өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі;
- спирттік ішімдік ішіп суға түсуі;
- балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда.
Бұларға қоса, суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы бақытсыз жағдайлардың санының көбеюіне ықпалын тигізіп отыр.
Сонымен қатар, ұжымдар мен оқу орындары жастарының жаз айларында табиғатқа шығып демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы соңғы жылдары көптеп орын алуда және осындай кейбір демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады.
Су айдындардың жағасында 40 дана «Суға түсуге тиым салынады» делінген ескертпе тақтайшалары орнатылды. Кент және ауылдық округтерінің орталығында көрнекті жерлерге 27 дана билборд орнатылды.
Аудан аумағындағы рейдттік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБК 412 бабына сәйкес (су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау) белгіленбеген орындарына суға түскен жеке тұлғаларға 2 әкімшілік хаттама толтырылды.
Жаңақорған ауданының Полиция бөлімімен бірлесіп жыл басынан бері ҚР ҚР ӘҚБтК туралы Кодексінің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 6 адамға ескерту шарасы көрілді.
БАҚ-ғы жұмыстар:
Аудан аумағындағы адам көп шоғырланған орындарда («Нұр» базарының, ойын-сауық орталығы, дүкендер мен басқа да сауда орталықтарда, базарлар, және темір жол автовокзалдарға) дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндірме жұмыстары және балық аулаушыларға арналған дүкендерде жадынамалар ілініп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сөз соңында Бөлімнің аға инженері азаматтық қорғау майоры Жәдіков Шыңғыс Байділдаұлы аудан тұрғындарына қауіпсіздік талаптарына жоғары жауапкершілікпен қарап, өз отбасыларында үнемі әр түрлі тақырыпта қауіпсіздік шараларын насихаттайтын әңгіме жүргізуге шақырды.
Сонымен қатар тұрғындарға кез-келген төтенше жағдайдың куәгері болса 101 немесе 112 номерлеріне қоңырау шалуды және құтқару қызметі тәулік бойы ел тыныштығын күзетуге әрдайым дайын екендігін атап өтті.

Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
12 шілде 2024 ж. 432 0