Қауіпсіз сауда - халық үшін
Кент орталығында сауда орындарының көбеюі қоғам қауіпсіздігін нығайта түсуді меңзейді. Сондықтан әр адам өзіне тиесілі аймақта, сауда-саттық кезінде қоғамның қауіпсіздік шарасын білгені абзал. Бір ғана нүктенің жауапсыздығы мен немқұрайлылығынан алып базарға қауіп төнуі мүмкін. Күніне мыңнан астам халық келетін орталықтың қауіпсіздігі қырағы қамқорлықты талап етуде. Біз мұны Жаңақорған ауданы төтенше жағдай бөлімінің
«Қауіпсіз сауда» акциясы аясында ұйымдастырған түсіндірме жұмыстары кезінде ұқтық. Бөлім қызметкері Шыңғыс Жәдіков сауда орындарында жүргізілген жұмысы жөнінде жергілікті журналистерге брифинг берген еді.
- Біздің бөлім өрттің алдын алу профилактикасы бойынша жүйелі жұмыс жасауда. Биылғы жылдың өзінде әр апта сайын сауда орталықтарында үн парақтар, брошюра таратып, халықпен еркін форматта жүздесіп, сұрақтарға жауап беріп келеміз" - деді ол.
2024 жылғы 21 ақпанда Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы Жаңақорған аудандық филиалының қызметкерлері, Жаңақорған тынысы газетінің тілшілері, Жаңақорған жастар ресурстық орталығының мамандары және еріктілерімен бірлесіп Жаңақорған кентінде орналасқан «Нұр» және «Нұр Асыл» сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар «Әліппе-Азбука» қосымшасын қолдану тәртібі мен «Төтенше жағдайлардың алдын алу», «Мұздағы қауіпсіздік» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.