№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбек демалысы кезінде МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай жоғалтпауға болады?

Еңбек демалысы кезінде МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай жоғалтпауға болады?


Демалыс кезінде МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін жоғалтпау үшін 30 күннен асатын ақылы еңбек демалысы мерзімін қамтитын кірісті есептеу тәртібі қандай?  Осы және басқа да сауалдарӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары №189 орта мектеп ұжымымен кездесуі барысында талқыланды.
Қала маңындағы Белкөл кентінің мектебінде 300-ге жуық адам жұмыс істейді, оның 150 - і мұғалім. Осы күндері қызметкерлер жыл сайынғы 56 күндік еңбек демалысына шығуда.
ӘМСҚ филиалының мамандары 2024 жылғы 21 сәуірден бастап қызметкерлердің ұзақ мерзімді демалысқа шығуы кезінде жарналар мен аударымдарды төлеуге қатысты түзетулер заңды күшіне енгенін еске салды. (толығырақ – https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015361)
«Мысалы, мұғалімнің еңбек демалысы 2024 жылғы 25 маусым мен 18 тамыз аралығында (56 күнтізбелік күн) кезеңге келеді. Бұл жағдайда МӘМС-ке төлемдерді аудару маусым айында (демалыс төлемдерін төлеу кезінде) маусым, шілде, тамызға бөлінген үш жол бойынша бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылуға тиіс. Әр ай үшін сома тиісті демалыс күндеріне сәйкес, маусымда 7 күнге, шілдеде 31 күнге және тамызда 18 күнге есептеледі», - деп түсіндірді ӘМСҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалымжан Салықов.
Мамандар жұмыс беруші азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден босатылатынын еске салды. Бұл балалар (18 жасқа дейінгі); зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналар; мүгедектер; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар.
03 маусым 2024 ж. 375 0