Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлер ұсақталып бара ма?

Ерлер ұсақталып бара ма?


Елдің абыройын асқақтатып жүрген азаматтар аз емес. Алайда қазақтың жігіттеріне байланысты жағымсыз әңгімелер көбейіп кетті. Бірі «Ерлер ұсақталып барады» дегенді құптаса, тағы бірі «ер» дегеніміз кім? – деген сауалды алға тартады.
Қазақта «Жігіттің сұңқары», «Жігіттің сұлтаны», «Жігіттің қыраны», деп мақтап қолпаштайтын. Бұл – бұрын әрине. Ал, бүгінде «Ер» дегеніміз кім? Оның болмыс-бітімі қандай? Міне, осыған аз-кем тоқталсақ.


Жастардың отан алдындағы борышын өтеуге селқос қарайты­нын сөз етсек. Жасыратыны жоқ, бүгінгінің кейбір жігіттері әскерге бару­ға ниет таныта бермейді. Тек әкімшілік өкілі үйі­не бірнеше рет ескерту қағазын алып барғаннан кейін әскери комиссариатқа барады. Түр­лі сылтаулар іздеп, әскерден жал­тарғысы келеді.
Мұндай жағдайды жақында екі жігіттің арасындағы әңгімеден естідім.
– Сен күзгі шақырту алдың ба?
– Иә.
– Не болды?
– Оқушы кезімде аттан құлап аяғымды сындырып алған бола­тынмын. Соны алға тартып, көктемгі шақырылымға қалдым.
– А-а. Дұрыс екен.
Міне, елін қорғауға жарайтын екі апталдай азаматтың екеуара әңгімесі. Мұны бір деңіз...
Екіншіден, туған баласынан бас тартып жатқандар қаншама. Біле білсе, қазақ жетімін жылатпаған ел-тұғын. Қазір әкесі бар «тірі жетімдер» көбейді. Тіптен, кіндігінен шыққан ұрпағына «алимент» төлемей­тіндер тым көп.
Үшіншіден, жалқау жігіттер аз емес. «Екі қолға бір күрек табылса» іс қылайын деудің орнына аспаннан ақша келетіндей ай қарап отыратын аяқ-қолы балғадай, тепсе темір үзетін жігіттерді көз көріп жүр. Бұл жайлы қоғамда түрлі пікір бар. Бірі жастарды кінәласа, бірі бар жауапкершілікті атқарушы билікке ысыра салады. Дегенмен ондай жастар нарыққа бейімделіп, жұмыс істеп жатқандардан үлгі алғысы келмейді.
Мұны қойшы, қазір қойды соя алмайтын жігіттер де жоқ емес. Ен­ді ондай «батырларға» не айтуға болады? Ал қыздармен қосылып өсек соғатын ерлер жайлы үндемей-ақ қояйық.

ТҮЙІН. Біздің мақсат жігіттерді кемсініп, олардың намысына тию емес. Олардың әрбірі «Қазақ жігіті» деген атқа сөзі де, ісі де лайық болса деген ниет қана...

Мақпал МАРҚАБАЙ

11 мамыр 2024 ж. 346 0