№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаңызға кітап оқып бересіз бе?

Балаңызға кітап оқып бересіз бе?


Ел арасында «Кітап оқитындар теледидар көретіндерді басқарады», – деген Ф.Жанлистің сөзін естімеген адам кемде-кем шығар. Расында білімнің бастауы кітапта? Әсіресе, жас өрендерді кітап оқуға баулу маңызды. Өйткені, кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретіп, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады.


Кейінгі кездері өскелең ұрпақтың кітапты өте аз оқитыны алаңдатады. Осы мақсатта, бала мектеп табалдырығын аттап, алғаш әріпті танығаннан бастап, кітап оқуға баулу, маңызды. Өйткені, кітап оқу – адамның өзін тануына жол ашатын бағдаршам іспетті.
Өзім ұстаз болғандықтан, кейде оқушымен пікірлесіп, қандай кітап оқып жатқандарын, кітапқа деген көзқарастарын сұраймын. Қазақтың классиктерін, қазіргі жазушыларын айтсам, көбі танымай жатады. Әлбетте, балалардың кітапқа ғана емес, жалпы, білімге деген қызығушылығына кедергі – телефондағы түрлі ойынның, қызықты бағдарламалардың қолжетімділігі дер едім.
Ақпараттың көптігі мен жылдамдығы балалардың мектепте беріліп жатқан білімді қабылдауына кедергі келтіріп жатқаны анық.
Осынау техника дамыған заманда балалар мен жасөспірімдердің басым көпшілігі уақыттарын теледидар көруге, компьютер ойнауға, музыка тыңдауға арнайды. Бірақ, кітаптың және кітап оқудың орны бөлек. Жас жеткіншектерге өз жасына сай кітап оқығандары дұрыс. Өйткені, кітап адамзат баласына білім сыйлайды.
Кітап оқу – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиенің бастауы ертегі, жыр-дастандар да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Сондықтан да, ата-ана мен ұстаздар қауымы бірлесе отырып, өрендердің кітап оқуға деген қызығушылығын ояту кезек күттірмейтін мәселе.

Гүлнұр Әлиева,
№286 тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

23 сәуір 2024 ж. 442 0