№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кітап оқу – ақыл тынысы

Кітап оқу – ақыл тынысы


«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Білімнің қайнар бұлағы – кітап деген де бекер айтылмаған болса керек.


Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес шығар. Өйткені «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген еді Ғабит Мүсіреповтың нақыл сөзі әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі біздің асыптаспайтын асыл досымыз рухани құндылыққа толы кітап екенін айқындайды. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жанжақты болып тәрбиеленері сөзсіз.

Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Олар әр адамның өміріне енген заңдылық десе болады. Мен сіздерге кітап оқудың біраз пайдасы жөнінде айтып өтпекпін.

Кітап оқу қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың. Сондай-ақ есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Көңілкүйің болмаса да, кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уайымыңды басады.Талдауға, сараптауға, пікір қалыптастыруға үйретеді. Ми үшін кітап оқу денеге жасалған физикалық жаттығу секілді. Ал ең бастысы кітап оқу табыс пен жетістіктің ең басты негізі.

Қазір кезде керек ақпарат табу үшін аудио, видео, ғаламтор секілді жеңіл жол табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Меніңше бала ерте жастан кітаппен дос болса, кітап оқыса болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін жетілдіруінде кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұратміндеттердің ең бастысы саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, ой-өрісін дамытуда ең үлкен ұлы тәрбие де кітаптабастау алары сөзсіз.

Жасұлан Сейдеметов
07 маусым 2022 ж. 746 0