Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Ханша-Дария хикаясы"

"Ханша-Дария хикаясы"


Жарты әлемді жаулаған Шыңғысхан тақырыбындағы кесек шығармалардың бірі - Әбіш Кекілбаевтың "Ханша-Дария хикаясы". Әйел қолынан мерт болған Шыңғысханның өз өлімін түсінде көргенін білесіз бе? Шыңғысханның өлімі туралы толғаныстан туған классикалық шығарманы автор 1970 жылы 30 жасында жазған. "Ханша-Дария хикаясы" повестьін оқып отырып, қылыштың жүзі, найзаның ұшы, білектің күшімен ұлы Империя құрған Шыңғысхан өміріндегі бір аңыздың мәніне үңілеміз. Сондықтанда повесьтің философиялық иірімі терең.

Әбіш Кекілбаевтың бұл шығармасы көркем туынды жасаудағы шыңы емес, бұл кезекті ғана шығармасы. Шығармада Шыңғысханның өмірінің соңғы сәті бейнеленген және оның пенде ретіндегі суреті бейнеленеді. Анадан қан уыстап туған Шыңғысхан бейнесі бұрынғы әдебиеттерде бұрмаланып, адамнан гөрі құбыжыққа көп ұқсағаны белгілі.
Қаһарлы,қатыгез ханнан, адам бейнесін жасауға ұмтылу, сол арқылы шығарманың көркемдік тұтастығын ашу аталмыш повестьтің басты мұраты. Сондай-ақ автор тарихи шығармада сол замандағы халық тағдырын тайға таңба басқандай бейнелеген. Шыңғысхан туралы жазылған шығармалар саны қисапсыз неміс, ағылшын, орыс, қытай, жапон тағы да басқа тілдерде жазылған әр деңгейдегі романда бәріне аян. Ешкімде ойдан тарих жасамайды. Дегенмен әр автордың тарихпен байланыстыратын маңызы бар. Әйгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің "Шыңғысхан" деректі хикаясы бөлек болса, Әбіш Кекілбаевтың бұл еңбегінде тұлғаның жұмбақ жаратылысын зерделейді. Сондай-ақ автор повестьтегі кейіпкерлер болмысында айқара ашады. Халық аңыздарына сүйеніп жазылған еңбектің айтар ойы, дәрменсіздіктің, жұмыр басты пенденің бәріне ортақ екені еді. Автор осы өмірлік түйінді әр адам ұстаным етуге тиіс деген ойды алға шығарады.
Мерей СЕКСЕНБАЙ
11 сәуір 2024 ж. 515 0