Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әр адам оқуға міндетті 10 кітап

Әр адам оқуға міндетті 10 кітап


Д
раматург
белгілі жазушы Роза Мұқанова кез-келген адам, әсіресе, қазақ жастары оқуға міндетті 10 кітапты ұсынады.
1. Жүсіпбек Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы».
2.  Габриэля Гарсиа Маркестың атақты романы – «Любовь во время холеры». Романда екі ғашықтың уақыт өте келе көптеген қиындықтардан кейін қайтадан табысуын суреттейді. Роман «Любовь во время чумы» деген атпен де танымал.
3. «Чужое лицо» романында бас кейіпкердің басынан кешкен қиындықтары, бет әлпетін күйдіріп алғаннан кейінгі азабы бейнеленеді.
4. «Құм құрсауындағы әйел» адамның ойына келмейтін сюжеттермен өріледі. Ники Дзюмпэй атты 31 жастағы мұғалім, этномолог, бір жұмбақ жәндікті іздеп жүріп, теңіз жағалауындағы құм ішінде орналасқан ауылға кез болады. Түнеп шығуға үй сұраған соң, бір шал оны үлкен шұңқыр түбіндегі үйге арқан саты арқылы түсіреді. Жалғыз үйдің тұрғыны күйеуі мен қызы құм көшкінінен қайтыс болған жалғызбасты әйел екен. Құм жөніндегі «әйелдің сауатсыздығына қорланған» Ники оған, оның тұрмысына жоғарыдан қарап, менсініңкіремей отырады.Күнде үнсіз, көнгіш әйелді құм ішіндегі өмірін тастауға үгіттеуші еді. Бірақ ол әйел басқа өмірге ұмтылмайтын да… Сөйткен әйелдің жанында қалды… Роман соңын жазушы тамаша аяқтаған.
5. Гоголь өзінің «Нос» повесінде адамның дене мүшесі арқылы өзі өмір сүрген қоғамның қаншалықты сырт келбет және байлық сияқты факторларды биік қоятындықтарын бейнелегісі келген. Мұрнын шүйіріп жүретін жай халықты менсінбетін шенеунік сымақтарды өзінің астарлы ойларымен мазақ қылады.
6. Франсуаза Саган «Здравствуй, грусть!». Қаламгер шығарманың бас кейіпкері Сесилдің бастан кешкендері туралы баяндайды. Монастырьда білім алатын бойжеткеннің одан кейінгі өмірі. махаббат жолында кездесетін қиындықтары туралы суреттеледі. Автор бостандыққа шыққан анасыз бойжеткеннің тәрбиесі төңірегінде сөз қозғайды.
7. Лев Толстой «Отец Сергий» . Шығарма желісінде бас кейіпкер Степан Касацкийдың монастырьға келгеннен кейінгі және монастырьдан кейінгі өмірі мен қиындықтарды суреттеледі.
8. Шекспир «Трагедия о Кориолане» трагедиясында аңызға айналған Рим қолбасшысы Марция Корлианның өмірінен алынған аңыз оқиғаларын баяндайды. Негізгі қайнар көздері – Плутарх пен Тит Ливий болып табылады.
9. Әкім Таразидің «Андрей» шығармасы. «Андрейде» жазушы өзіне ғана тән шеберлікпен оқиға өреді. Дәл осы үрдіс біздің ұлттық әдебиетке әлі із салған жоқ. Жазушы өзінің «менін» көркем әдебиеттің принципімен жасырмайды. Өзі де осы алаңда. Бұл суреткер жауапкершілігі шығар. Бәлкім, жауапкершіліктен әлдеқайда қауіпті де болар. Себебі, «Андрейде» ақиқат жатыр.
10. Ұлттық әдебиетіміздегі Махамбет ақынның қазасына байланысты айтулы бір туынды Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі. Әңгімеде негізінде халқымыздың қайталанбас, біртуар ақыны Махамбет өмірінің ең бір трагедиялық тұсын ашу туралы айтылады. Махамбет өмірінің соңғы сәттері туралы, қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы туралы, басын қатерге тігіп, жауына қызмет етпеуі, серіктерінен айрылып, жалғыздықпен дос болуы және осылардың жанға салған сызаты шығармады терең суреттелгенімен құнды.
07 қараша 2018 ж. 896 0