№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Маскалық режимге көшуіміз керек пе?

Маскалық режимге көшуіміз керек пе?


Бүгінде еліміздің ірі қалаларында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал қайта күрделеніп барады. Осыған байланысты 8 ақпан күні еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданып, еліміздің барлық аймақтарында эпидахуалға қарсы профилактикалық шараларды күшейту тапсырылды. Эпидемиологиялық ахуалдың біздің аймақтағы көрінісі қалай? Маскалық режимге көшу қолға алынды ма?


Ауа арқылы таралатын аурудың белгісі қылаң бергеннен бастап адам көп жиналатын орындардағы қауіпсіздік шараларына баса мән беру, қоғамдық көліктер мен сауда орындарында маска тағып жүру, антисептикпен зарарсыздандыру сияқты алғашқы шаралар ұсынылды.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркеліп, ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Қызылорда қаласынан екендігі анықталды. Айтылғаннан бөлек, күз, қыс, көктем мезгілдері жіті респираторлы вирусты инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы болып саналады. Осыған сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалардың жұқпалы аурулармен есепке алынуы белең ала бастады. Жалпы, облыс көлемінде ЖРВИ-дің 16 514 жағдайы есепке алынған, оның 65,3 пайызы балалар. Аталмыш аурудың алдын алу мақсатында 84 430 доза вакцина алынып, тиіс деп табылғандарға инфекциялық ауруларға қарсы екпе салынған.
Ауданымыздағы эпидахуалдың беталысы қалай екенін білу мақсатында аудандық емхананың дәрігер-эпидемиологы Асқан Отарбековпен тілдесіп көрдік. Ол бізгк төмендегіше мәлімдеді:
-Аудан көлемінде 2023 жылы қызылшаның алғашқы диагнозымен 176 жағдай тіркелсе, 2024 жылдың басынан бері 63 жағдай тіркеуге алынды.Тіркеуге алынған жалпы науқастардың 69%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 57,8%-ы ұйымдастырылмаған балалар, 3,6%-ы бала бақша тәрбиеленушілері, және 7,2%-ы мектеп оқушылары көрінеді. Инфекция ауданымызда орналасқан 13 балабақшада, 10 мектепте тіркелген. Қызылшаның алдын алудың негізгі тәсілі – балаларды 1 және 6 жас арларында қызылшаға қарсы егу болып табылады. Жоғарыда аталған науқастанғандардың 75,9%-ын егілмегендер құрады. Соған байланысты ҚР ДСМ - нің арнайы қаулысымен 6-10 айлық балалардың 87,5%-ы, 2-4 жастағы балалардың 100% - на қызылшаға қарсы екпе егілді. Халық арасында тіркеуге алынып жатқан вирусты аурулардың бірі – жіті респираторлы вирусты инфекциялар. Соңғы үш аптаның көлемінде ЖРВИ-дің 123 жағдайы тіркелсе, оның 119-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 34-і 1 жасқа дейінгі сәбилер екені белгілі болды.
Дәрігер-эпидемиолог жыл басынан бері ауданымызда коронавирус инфекциясы тіркеуге алынбағанын алға тартты. Дегенмен, сақтық шараларын жасап, маскаға бей-жай қарамау керектігін айтты. Сонымен қатар, жоғарыда атап өткен инфекциялардың барлығы, адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғатынын естен шығармауымыз қажет екенін айтып, жеке бас гигиенасын сақтауды, үй-жайларда ылғалды тазалық жұмыстарын жиі жүргізуді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, көп адам жиналатын жерлерге бармауды ұсынып, дәрігерлердің кеңестерін жауапкершілікпен орындауға шақырды.

ТҮЙІН: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - демекші, ем шараларды өзіміз үшін жасап, аурудан аулақ болуға тырысуымыз шарт. Өткен күннің қайтып келмесіне сіз кепіл. Сақтық шараларын өзіңізден бастаңыз жеткілікті.

Жәмила Ермахан
20 ақпан 2024 ж. 399 0