Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «9-20-25» бағдарламасымен ипотеканы кімдер ала алады?

«9-20-25» бағдарламасымен ипотеканы кімдер ала алады?

Премьер-министр Әлихан Смайылов «9-20-25» бағдарламасына қанша қаражат бөлінетінін және қанша адам ипотека ала алатынын айтты.
Жаңа бағдарлама бір айда дайын болады. Оны келесі жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр.

«Оған жыл сайын 150 миллиард теңге керек және 8 мың адам ипотека ала алады. Ол үшін біз 100 миллиардты нарықтан тартуымыз керек. Ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 миллиард теңге бөлуі тиіс. Сөйтіп, екі ақшаны араластырып, жаңа бағдарламаны бастап кетуге болады. Ол жастарға арналады», - деді Смайылов сенатта өткен брифингте.

Айта кетері, жаңа бағдарламаның негізгі шарттары: 9 проценттік мөлшершеме, 20 проценттік алғашқы жарна, ал ипотеканың мерзімі - 25 жыл.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

24 қараша 2023 ж. 463 0