№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » 1 қаңтардан бастап кейбір әлеуметтік төлемдер артады

1 қаңтардан бастап кейбір әлеуметтік төлемдер артады

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер артады.

Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Құжатта 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7 пайызға арттыру көзделген.

Бұл қаражат еңбекке қабілетін жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалады. 

Айта кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

massaget.kz
26 қазан 2023 ж. 557 0