№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әр күннің өз мәнері бар

Әр күннің өз мәнері бар


Күнделікті ақпараттарды дер кезінде оқырманға жеткізуге тырысатын басылым қызметкерлерінің әр күні уақыт тамырын тап басуға тырысатын мән-мазмұнымен бөлек. Бұл ретте ең алдымен журналистің кәсібилігі маңызды.


Өмірде екі мамандықтың иесі өзінің өмірімен күн кеше алмайды деген қағида бар. Оның бірі – актер мамандығы. Олар әртүрлі рольдерді сомдауда белгілі бір уақыт аралығында таңдалған кейіпкерінің образына икемделуге мәжбүр. Екіншісі, журналистер. Бұл кәсіптің иелеріне де күнде бір кісімен сөйлесіп, кейіпкерінің жан-дүниесін ұғынуда өзін соның орнына қойып, жан сарайының кілтін табуға тырысады. Сол кезде оның жазғаны да шынайы, көңіл түкпірінде қалар әсері мол болмақ. Жүректен шыққан жүрекке жетеді.
Осындай қауырт жұмыстармен бір күні бір күнінен мәнді өріле түсер журналистердің ең басты міндеті – жер бетіне жақсылықты жаю, жамандықпен күресу, ізгілікті қоғам орнатуға барынша атсалысу болып қала бермек. Кеше де, бүгін де, ертең де олардың басты миссиясы осы.
Осы тұрғыда журналистеріміздің өз айтары бар.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ,
«Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары:

– Төл басылымның тұғырына осыдан тура 8 жыл бұрын келіп қондым. Әрине бастапқыда қалам құдыретіне қасиет дарыту оңай болмады. Әсіресе, суретке түсіру өнері үлкен жауапкершілікті талап етті. Оны да икемге идіріп, талай туынды аудан тарихының өткеніне таңба болып басылды. Әсіресе, дара тұлғалардың кескін-келбетін жасаған суреттер кешегі күннен сыр шертіп тұр.
Одан кейін қаламның киесінен талай көкжиекке қол создық. Кітапқа қатталып, газетке таңбаланды. Талай додаларда оза шауып, төрге оздырды. Бұл бастамасы, жастық жалынмен журналистік саланың талай майын ішіп, жілігін шақсақ дейміз. Алдыңғы толқын аға-апалардың сара жолы өшпес өнеге, сарқылмас қазына болып қала бермек.

***


Мақпал ПӘТЕНОВА,
«Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі:

Аудандық басылым тілшілері әр ай сайын «Сыр Медиа» ЖШС-нің айлық қортындысын­да облыстың үздік сараптамалық мақала­лар премиясының үздігі атанып келеді. Ел мәселелеріне жан-жақты зерттеу жұмы­сын жасап, аудан жұртшылығына сапалы ақпараттар таратуды меңгерді. Атап айтсақ, Әсел Рзаеваның сараптамалық мақалаларына халық биік бағасын беріп, үздік мақала авторына айналды. Спорт журналистикасының қыр-сырын меңгерген Әлібек Жарықбаев­тың «Аманат» партиясының республикалық байқауында үздік деп танылуы аудандық басылымның бәсі жоғары екенін байқатты. Оған қоса, ақпарат және мәдениет министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Ал, Мақпал Патенова «Шаңырақ» журналистер клубының байқауында төбе көрсеттім.
Бір сөзбен айтсақ, тілшілер ізденісімізді арттырып, алдыңғы көштен танылсақ дейміз.

***
Әсел РЗАЕВА,
«Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі:

– Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп газет-журналға қаншалықты үміт артқан болса, осы баға бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Бұл мамандықты қадір тұту өз алдына, бала кезімнен талайды қызықтырған, талайдың атын шығарған қасиетті кәсіпке жан-тәнім­мен құмарттым.
Бұл салаға деген ынтызарлығым бүгінгі күні үлкен мақсатқа айналды. Бір күні атам жарықтық әр қағазға шимайлап жазған өлеңдерім мен шығармаларымды жинап, редакцияға апарған екен. Көп ұзамай менің қысқа өлеңдерім «Қайнар» деп аталатын балалар басылымында жарық көрді. Сөйтіп менің тырнақалды туындымның жарық көруімен өнерге қызығушылығым, жазуға деген шабытым ашылды. Өзімнің ең алғашқы ұстазым, баяғы шимай өлеңдерімнің куәгері, белгілі журналист Баян Үсейінова апайымның қамқорлығында еңбек етіп келемін. Қолымда­ғы қаламның шебер ұшталуы үшін аянбастан еңбек ету мен үшін міндет!
21 қазан 2023 ж. 224 0