№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала күтіміне байланысты жәрдемақы алушылар саны 30,8 мыңға жетті

Бала күтіміне байланысты жәрдемақы алушылар саны 30,8 мыңға жетті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылған болатын. Осыған сәйкес, 1 қыркүйекте аталмыш төлемді алушылардың саны 30,8 мыңға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Төреахмет Жолымбетов хабарлады.


-Әлеуметтік кодексте балалы отбасыларға әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы жүйесін сақтай отырып, оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылған. Бұл жаңа параметрлер отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың ауқымын кеңейтуді көздейді. Бала күтімі бойынша жәрдемақы жұмыс істеймейтін аналарға республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтін аналарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленуде. Аталмыш төлемді былтыр және осы жылы дүниеге келген бірақ әлі бір жарым жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді. Сондай-ақ, бала туған кезде отбасына баланың кезегі бойынша төленетін жәрдемақының екі түрінің мөлшері де өсті. Атап айтқанда, бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының мөлшері 131100 теңгені құрайды, ал төрт және одан да көп бала туылғанда 217350 теңгеге дейін артты. Одан бөлек, бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты биылдан бастап бірінші балаға – 19 872 теңге, екінші балаға – 23 495 теңге, үшінші балаға – 27 083 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда – 30 705 теңге мөлшерінде берілуде, - деді Төреахмет Сайлаубайұлы.

Айта кетейік, Кодекс қолданысқа енгізілгеннен бастап «Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК дейін артты. Сонымен қатар, облыс бойынша көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны 34 мыңнан астам отбасы алады.
05 қараша 2023 ж. 367 0