№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған - жаңа жобалар аймағы

Жаңақорған - жаңа жобалар аймағы

Биыл облыс көлемінде «Үздік аудан» атануымыздың өзіндік себептері бар. Инвестиция көлемі артып, экономикамыздың даму динамикасы айтарлықтай өсті. Ауылшаруашылығы саласында серпін көп, шағын бизнесте байыпты бастамалар мен өндірісте өркендеу жетерлік. Жаңа жобалар мен жүйелі жұмыстар да аз емес. Қысқаша айтқанда, әр салада ілкімді істер, ілгерілеу бар. Бұл жөнінде Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында толық түсіндіріп, нақты цифрларды баяндады.



ӨЗІМІЗДІҢ ӨНІМ ӨЗЕКТІ ТАЛДЫРМАЙДЫ

   Облыстағы іргелі аудандардың бірі ретінде Жаңақорғанда әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты. Халықтың әл-ауқатын арттыра отырып, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп келеді. 2022 жылы бекітілген бюджетте ауданның өз кірістері 2 млрд 645 млн теңге болса, 2023 жылы 709 млн теңгеге артып (21,1%) 3млрд 354 млн теңгемен бекітілді. Алдағы уақытта іске қосылатын инвестициялық жобалар есебінен салық түсімдерін 4 млрд теңгеге жеткізу басты мақсат етілуде. Есепті кезеңде аудан көлемінде 57,4 млрд теңгенің (93,4%) өнеркәсіп өнімдері өндірілсе, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 36,7 млрд теңгені (92,5%) құрады.

«Қызылқұм» ЖШС-гі ағымдағы жылы өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша 1680 тонна өнім өндіруді жоспарлауда. «Байкен-U» ЖШС-де өңделетін өнім көлемі 680 тонна. Қалған 500 тоннасын Үлбі металлургиялық зауытында, 500 тоннасын Степногор таукенхимия комбинатында өңдеу жоспарланған. Осы ауданнан тыс өңделетін өнімнің 300 тоннасы аудан көлеміндегі «Байкен-U» ЖШС-де өңделсе деген ұсыныс облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязовтың атына ықпал етуін сұрап, қызметтік хат жолданыпты.

Брифингте инвестиция көлемі артқанын баяндаған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы: – Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Ауданда 38 млрд теңгені құрайтын 10-ға тарта ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, – деді.

Тарқата айтар болсақ, бірінші жоба – «Шалқия Цинк» АҚ кен байыту комбинатының құрылысын бастауға дайындық жұмыстарын жүргізу. Екінші жоба, құны 5,2 млрд теңге болатын жылына 3,5 мың тауық етін өндіретін «Абдулла» шаруа қожалығының құс фабрикасы. Үшінші жоба, құны 1,2 млрд теңге болатын «Жан-Арай» ЖШС-нің 150 орынға арналған шипажай құрылысы. Төртіншісі, «Азимут-М» ЖШС-нің құны 160 млн теңгені құрайтын темір-бетон бұйымдарын шығару зауыты. Бесінші, Қожакент ауылының тұрғыны Мейірбек Үсенов (ДК «Жанайым») профнастил, гипс тақталарын орнату үшін пайдаланатын профиль шығару цехын іске қосты. Жоба құны 200,0 млн теңге. Алтыншы, Жаңақорған кентіне қарасты «Жаннұр» шаруа қожалығы сүт және ет бағытындағы 204 бас «сементал» асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алды. Жоба құны 81 млн теңге тұрады. Түгіскен ауылы Қазақбай өңірінде 20 гектар жерге мал шаруашылығын дамыту мен сүт өңдеу цехын ашу мақсатында база салуда. Жетінші, Қыраш ауылдық округінен «Qaratau Fruits» шаруа қожалығы 2022 жылдың соңында жалпы көлемі 50 гектар жайылымдық жер учаскесін суармалы жерге ауыстырды. 35 гектарды құрайтын алма бағын (интенсивный сад) орналастыруда. Жоба құны – 600 млн. теңге. Керекті құрал-жабдықтары сатып алынып, қоршау жұмыстары жүргізіліп, 78500 түп жеміс ағашының көшеттері Түркия елінен алынып, егілген. Сегізінші, Жаңақорған кентінде кәсіпкер С.Жұманқожаев жалпы құны 450,0 млн теңге болатын 3 сауда үйінің құрылысын салуда. Тоғызыншы, дара кәсіпкер Е.Палманов «Айсара ана» сауда үйінің құрылысын салып, пайдалануға берді. Міне, осындай іргелі жұмыстар жүруде.

ЖАҢАҚОРҒАНДА ХАЛЫҚҚА ҚАЖЕТТІНІҢ БӘРІ БАР

   Адам сапалы өмір сүру дағдысын қалыптастыруы үшін жарық, жол, газ, ауыз су мәселесі болмауы қажет. Осы бағытта Жаңақорған ауданының орталығындағы электр желілерін жаңғыртуға «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен өткен жылы 899 млн теңге, ал 2023 жылы 1 млрд 600 млн теңге бөлініп, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. – Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес демеушілерді тарта отырып, 9 елді мекеннің электр желісін жаңғыртуға жоба жасалып, сараптамадан өтті. Жобалардың жалпы құны – 2 млрд 300 млн теңгені құрады. Аталған жобаны бастауға 2023 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 503 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, осы жылдың басынан демеушілер есебінен тағы да 10 елді мекеннің электр жүйелерін жаңғыртуға жоба жасап, 2024 жылдың бюджетінен қаржы бөлдіру үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобалардың жалпы құны – 3 млрд 300 млн теңге. Осы жобалар жүзеге асқан уақытта электр желілері жаңартылып, тозығы жеткен бағаналар мен желілерден тазаратын боламыз, – деді аудан басшысы.
  
   Конференцияда көгілдір отын мәселесі де арнайы айтылды. Биыл алғаш рет Бірлік пен Қыраш ауылына газ келіп, ел игілігін көруде. Жалпы осы жылы жоғары тұрған бюджеттерден 5 елді мекенді газдандыруға да 2 млрд 900 млн теңге қаржы бөлініп, Төменарық, Шалқия, Құттықожа, Жайылма, Кейден елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

– Төменарық елді мекеніне жоғарғы қысымды таратылатын газ құбырын салу жобасы басталғанын көріп, ендігі кезекте сол аумақта орналасқан тағы 5 елді мекенді газдандыруға демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттары жасалынуда. Аталған жобалар толық іске асқан уақытта 13 елді мекен немесе 53 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады,– деді Мұрат Жолкелдіұлы.

3 МЕКТЕП 80 ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

  Ауданда 6 айда 3,5 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы ауданы 28 мың 899 шаршы метрге жеткізіліп, 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1393 адам бар. Олардың қатарында 440 көпбалалы, 109 жетім бала, 730 әлеуметтік осал топ, 110, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер-апатты жағдайдағы үйде тұратындар. Осы мәселеге байланысты, облыс әкімінің бастамасымен ағымдағы жылы аудан орталығында аз қамтамасыз етілген отбасыларға 80 пәтерлі тұрғын үй салыну жоспарланды. Оның-50-і осы жылы құрылысы аяқталып, қоныс тойы өтеді. Бұл үшін бюджеттен 480 млн теңге қаражат бөлінді. Жыл соңында тұрғын үйге мұқтаж осы нысаналы топтағы отбасыларына берілетін болады. Оған қоса, биыл Жаңақорған ауданында 3 мектептің құрылысы тағы бар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі білім ошағының құрылысы басталды.

– Осы жылы Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектеп, Жаңарықта 300 орындық және Байкенжеде 150 орындық білім ұйымының құрылысы басталған болатын. Ал 2020 жылы іргетасы қаланған Жаңақорған кенті МАИ бекетіндегі мектептің құрылысын толық аяқтауға 348 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда бұл білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, ауданымызда медицина саласына да көп көңіл бөлініп, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында бірнеше жоба қолға алынды. Атап айтқанда, биыл Ұлттық қордан 292,4 млн теңге бөлініп, Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториямен қатар 15 төсекке арналған аурухана салуға арнайы жоба қарастырылды. Жоба құны – 966 млн теңге. Бұл жұмыстардың барлығы жүйелі түрде жүргізілетін болады, – деді аудан әкімі.

Жыл сайын кент тұрғындарының саны өсіп, жер алуға кезекке тұрған тұрғындардың саны еселенді. Осыған орай жақын жылдары қосымша мөлтек аудандар ашылады. Солардың көшінде «Саяжай-1» мөлтек ауданы бар. 300 гектарды құрайтын аумақтың инженерлік -инфрақұрылымын салуға жобалар жасалып, сараптамалардан өткізілді. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландыру үшін салалық министрліктерге ұсынылған. Инженерлік-инфрақұрылым жүргізілген уақытта 1 жарым мыңнан астам кезектіліктегі тұрғындарға жер телімі беріледі.

Жыл соңына дейін Жаңақорған кентіндегі темір жол вокзалы аумағы және кенттің орталық көшесі болып табылатын Қорасан ата көшесінің бойынан «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ демеушілігімен 2 стрит воркаут алаңы мен 3 балалар ойын алаңы салынатын болады. Аудандағы халықтың жайлы өмір сүруі мен жылдың кез келген уақытында демалуына мүмкіндік беретін демалыс орындары барлық елді мекендерде салынатын болады.

КӘСІПКЕРЛІК – ӘЛ-АУҚАТТЫҢ ТІРЕГІ

   Жаңақорған ауданында шағын және орта бизнес саласы жақсы жолға қойылған. Оның ішінде, ерекше кәсіппен айналысушылар қатары уақыт өткен сайын артуда. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен қайтарымсыз грант алып, өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтар көп. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлік саласында 7 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға ұлғайған. Тиісінше бұл саладағы белсенділік көрсеткіші 96,8 пайызды құрады.

– Жаңақорған ауданы кез келген кәсіппен айналысуға ыңғайлы аймақтың бірі. Осы себепті жыл сайын ауданымыздың кәсіпкерлер қатары көбейіп, шығарған өнімдер өзге өңірлерге экспортталуда. Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 230 жобаға 1 млрд 599 млн теңгенің қаржылай қолдауы көресетілген. Мәселен, 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба шеңберінде бұрынғы Жұмыспен қамту орталығы арқылы 100,6 млн теңгені құрайтын 73 жоба грант жеңіп алса, 131 жобаға 1 млрд 200 млн теңгенің несиесі берілді. Сондайақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие  алуға 3 млрд.400 млн теңгені құрайтын 505 жоба іріктелген. Ал бөлшек сауда көлемі 3 млрд 405 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 111,9 пайызды құрады, – деді Мұрат Тлеумбетов.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерлік саласында 7230 кәсіпкер тіркелген. Биыл алты ай ішінде 1629 кәсіпкер ресми құқық алып, жеке ісін жүзеге асыруда. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны - 6960. Белсенділік көрсеткіші 96,8 пайыз. Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 230 жобаға 1 млрд 599 млн теңгенің қаржылай қолдауы көресетілген.


АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДІҢГЕГІ

  Жаңақорған ауыл шаруашылық саласы бойынша бәсі биік аудандардың көшінде келеді. өзгелерден бәсі биік екені анық байқалады. Бұл сала бойынша жалпы өнімнің көлемі 101,2 пайызды құраса, биылғы жылы аудан бойынша 37 781 гектарға егiс егу межеленіп, жоспар толығымен орындалған.

– Қазіргі таңда, 3151 гектар күздік бидай мен күтімге алынған 15 439 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, суарылды. 5000 гектар жаңа жоңышқа, 194 гектар жаздық бидай, 30 гектар жаздық арпа, тары 260 гектар, жүгері 738 гектар, 2010 гектар мақсары, 46 гектар күнбағыс, қант құмайы 10 гектар, 3296 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Бекітілген күріш егу және суға бастырудың 5 күндік кестесіне сәйкес, бүгінгі күні 7607 гектар күріш егіліп, суға бастырылды. Бұған қоса, 3151 га күздік 17 центнерден, 194 жаздық бидайдан 15 центнерден өнім алынса, 1000 тоннаға жуық бақша дақылдары Ресей мемлекетіне экспортқа шығарылып, қалғаны басқа облыстарға жөнелтілді, – деді аудан әкімі.

Ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қосымша 295 гектар жер ашылып, 845 отбасы картоп, көкөніс, бақша дақылдарын еккен. Жалпы, ауданда 781 шаруашылық құрылымдарының 485-і егін егумен айналысады. Оның ішінде, 234 шаруашылық күріш егеді.

Цифрларды сөйлетсек, ауданда ауылшаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі – 7 млрд 402 млн теңге немесе 101,2 пайызды құрады. 2023 жылдың есепті кезеңіне (тірі салмақ) 4 399,2 тонна ет (101,8%), 7 293,2 тонна сүт (100,1%), 932,7 мың дана жұмыртқа (101,3%) өнімдері өндірілген. 2023 жылдың есепті кезеңіне аудан көлемінде 78 мың бас мүйізді ірі қара (97,5%), 361 мың бас қой мен ешкі(100,4%), 25 мың 174 бас жылқы(98,7%), 2 мың 276 бас түйе(98,7%) және 21 мың 695 дана үй құстары (99,8%) өсірілуде.

Аталған мал басын қыстан аман алып шығу үшін 183,5 мың шөп, 36,5 мың тонна сабан және 37 мың тонна жем дайындау жоспарланып, 86 мың тонна шөп пен 12 мың тонна жем әзірленген. Биылғы жылы аудан бойынша 37 781 гектарға егiс егу межеленіп, жоспар толығымен орындалды.

Қазіргі таңда 3151 гектар күздік бидай мен күтімге алынған 15439 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, суарылды. 5000 гектар жаңа жоңышқа, 194 гектар жаздық бидай, 30 гектар жаздық арпа, тары 260 гектар, жүгері 738 гектар, 2010 гектар мақсары, 46 гектар күнбағыс, қант құмайы 10 га, 3296 га картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Бекітілген күріш егу және суға бастырудың 5 күндік графигіне сәйкес бүгінгі таңда (8346 га межеленген)7607 гектар күріш егіліп, суға бастырылды). Жалпы, 3151 га күздік 17 центнерден, 194 жаздық бидайдан 15 центнерден өнім алынса, 1000 тоннаға жуық бақша дақылдары Ресейге экспортқа шығарылса, қалғаны басқа облыстарға жөнелтілді. Баспасөз конференциясында түйін сөзін тарқатқан аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов:

– Құрметті баспасөз қызметкерлері, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, бірінші кезектегі инфрақұрылымдармен қамту, жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Бұл бағытта өздеріңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз деп сенемін, – деп брифигті қортындылады.

ТҮЙІН. Біз «Үздік аудан» иемденген бәсіміз биік өңірдің тұрғынымыз. Осынау абыройдың жүгі әрбір тұрғынға жүктелетінін біліп, әр ісімізге береке мен бірлік дарытып, жаңа қоғамның жанашыр тұлғасына айналып, елдік мүдде жолында еселі еңбек ету перзенттік парызымыз емес пе?! Бір жылдың ішінде атқарылған тынымсыз еңбектің, төгілген тердің нәтижесін аялап, келешек ұрпақ үшін атақонысымыздың құндылығын арттырып, еліміздің байырғы береке-бірлігінен айнымай аманаттау азаматтық міндетіміз. Туған жер түрленіп, көркі ажарланып, рухы асқақтап, берекесі тасуы сайып келгенде әрбіріміздің аялы алақанымызда. Осыны ұмытпайық, қалғанын уақыт көшіне қалдырайық.

Мақпал Марқабай

19 тамыз 2023 ж. 169 0