Соңғы жаңалықтар

Құрметті облыс тұрғындары!

28 қыркүйек 2026 ж. 56

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 1 қазанға арналған ауа райы болжамы

1 қазанға арналған ауа райы болжамы

 Қазгидромет 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын және бұршақ жаууы мүмкін. Екпінді жел соғуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38°С-қа дейін қатты ыстық сақталады.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, оңтүстігінде, Ақтөбенің орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағандының орталығында, солтүстікте, Алматы қаласының орталығында, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, Түркістанның шөлейтті аймақтарында, батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.

01 қазан 2023 ж. 475 0