Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 453 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың құқықтары қорғалды

453 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың құқықтары қорғалды

Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қызылорда облысы білім басқармасының жеке мектепке дейінгі ұйымдардың мониторингі түріндегі тексерулердің алдын алды.


Қызылорда облысы аумағында білім басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес мониторинг түріндегі білім басқармасының мамандары мен қоғам белсенділері ұйымдағы балалардың нақты санын, санитарлық және медициналық талаптардың, өрт және күзет қауіпсіздігінің сақталуын, жабдықтардың, жиһаздардың, педагогикалық құрамның және т.б. сәйкестігін тексерді. Алайда, заңнама бойынша бұл жұмыстың нәтижелері тек консультативтік сипатта болды.

Департамент басқарма басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының атына бұзушылық фактісі туралы ақпараттық хат жолданды.

Департаменттің араласуымен Қызылорда облысының 453 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарына қысымның сақталу мүмкіндігін ескере отырып, бейінді басқарманың бұйрықтары жойылды және кәсіпкерлерге олардың қызметіне кез келген мониторингтің тоқтатылғаны туралы ресми түрде хабардар етілді.
26 шілде 2023 ж. 150 0