№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » "Тұлға бол" Жастар жәрмеңкесі Жайылма ауылында жалғасты

"Тұлға бол" Жастар жәрмеңкесі Жайылма ауылында жалғасты

«Тұлға бол» жастарды әлеуметтендіруге бағытталған жоба Жаңақорған кенті, Сүттіқұдық ауылдық округінде өткізіліп, Жайылма ауылдық округінде жалғасты. Жәрмеңкеге кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, қаржы және экономика бөлімі, аудандық мансап орталығы, аудандық аурухана, жастар денсаулық орталығының мамандары қатысып түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен арқан тартыс, қол күрес, гир тасын көтеру, асық ату спорттық сайыстары ұйымдастырылды. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов жастарды марапаттап, еркін форматта кездесу өткізді. Кездесуде жастар өз ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, өз сұрақтарына жауап алды.
20 шілде 2023 ж. 289 0