№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Тілсіз жаудан» сақтанайық!

«Тілсіз жаудан» сақтанайық!

 Кейінгі жылдары орман өрті өршіп тұр. Абай облысындағы өрт сөндірушілердің қазасына себеп болған қайғылы оқиға да аталған деректі растайды. Оқиға салдарынан бірнеше ауыл тұрғыны эвакуацияланып, мыңдаған шақырым аумақ отқа оранды. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды апаттың бірі. Ал әлем елдері бұл тақілеттес оқиғадан қандай сабақ алған? Тарихтағы ең ірі орман өрттері немен бітті? Сауалға жауап іздеп көрелік.


Әділ сарап болуы үшін өткен ғасырдың соңынан дерек тартайық. Мәселен, 1997 жылы Индонезияда алапат өрт болды. «Тілсіз жау» 2 млн  гектардан астам аумақты қамтыған. Индонезия мемлекеті оқиғаны «ұлттық апат» деп танып, әлем елдерінен көмек сұрады. Оған себеп те жоқ емес. Өрттен шыққан түтін Индонезияны ғана емес, Малайзия, Сингапур, Бруней, Тайланд, Филиппин, Вьетнам елдеріне дейін жетті.
Деректерге сүйенсек, апат аймағында 70 млн адам болыпты. Өкпе және тыныс алудың бұзылуынан, демікпе мен тұншығудан 240-қа жуық индонезиялық ажал құшты, тағы ондаған мың адам түтін мен ыстан зардап шекті. Қырсық айналдырып, апаттан соң құрғақшылық күшейді.
Әлемдегі орман өрті мұнымен шектелмеді. 2009 жылы Австралияның Виктория штатында 450 мың гектарға жуық орман отқа оранды. 173 адамның өмірін қиған табиғи апатқа құрғақшылық пен күн райының қалыптан тыс жылуы әсер еткен екен. Сол тұста термометр бағаны 45 градусқа дейін жеткен. Өрттің бір бөлігі электр желілеріндегі апаттан шықты деген болжам бар. 2009 жылы 7 ақпанда өрт Мэрисвилл қаласын толығымен қиратты. Адам шығыны да жоқ емес, 45 азамат мерт болған. Тек наурыз айында жаңбыр жауған соң ғана жалын сөнген.
Аталған құрлықтағы осыдан 3 жыл бұрынғы алапат өртті айтпай кету мүмкін емес. 2020 жылы орын алған апат елдің оңтүстік-шығысында болған. Нәтижесінде 200-ге жуық тұрғын үй өртеніп, мыңдаған адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Мамандардың айтуынша, өрт 20 млн гектардан астам аумақты шарпыған. 18 млн гектар орман өртеніп, жалын құрсауында қалған 2500-ден аса ғимарат күлге айналды. 
2010 жылы Израильдің Кармел тауы маңында құрғақшылықтан орман өрті орын алды. 250 коттедж жойылып, тау баурайындағы қорық аймағында 5 мың гектар жер өртенген. Сол сәтте экология жанашырлары 5 миллионға жуық ағаш күлге айналғанын жарыса жазған-ды.
Көрші Ресей Федерациясын да мұндай апат айналып өтпеді. Есте болса, 2010 жылы Ресейдің бүкіл еуропалық бөлігінде антициклонға байланысты ыстық болды. Бұл – метеобақылаудың 130 жылдан астам тарихында рекордтық көрсеткіш еді. Елде 35 мыңға жуық өрт ошағы тіркеліп, олардың жалпы ауданы шамамен 2 млн гектарға жетті. ТЖМ мәліметтері бойынша, 2500 отбасы баспанасыз қалып, 17 аймақта 60-тан астам адам мерт болған.
Енді кәрі құрлыққа келейік. 2007 жылдың маусымында Грекияның бірқатар ауданында термометр 40 градусқа жетті. Салдарынан өрт шығып, 270 мың гектардан астам орман алқабы күлге айналды. Өртті ауыздықтау бақылаудан шығып, жалын Олимп тауы аймағындағы ормандарды жойып жібере жаздады. Табиғи апаттан 84 адам қаза тапты деген дерек бар. Ал осыдан 6 жыл бұрын орман өрті Португалияны да әбігерге салды. Ел астанасы Лиссабонның солтүстік-шығысындағы Педроган-Гранде атты елді мекенінде ауқымды орман өрті болды, 66 адам қаза тауып, 200-ден астамы зардап шекті.
Сол жылдың қазан айында Португалияның солтүстігінде және Испанияның солтүстік-батыс бөлігінде 49 адам орман өртінің құрбаны болды. Испания үкіметінің төрағасы Мариано Рахой өрттің себебі қасақана өртеу болғанын айтқан. Өрт жағдайына байланысты Португалияның Ішкі істер министрі Констанца Урбану де Соуза отставкаға кетті. Ел билігі табиғи апат аймақтарына көмек көрсету үшін шамамен 400 миллион еуро бөлгенін білеміз.
Мамандардың пікірінше, соңғы 15 жылдан бері температураның әлем бойынша орташа көрсеткіші үнемі жоғарылап келеді.
«Тілсіз жаудан» сақтанайық!
30 қыркүйек 2023 ж. 249 0