Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 3 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.


Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста қатты жаңбыр болады.
Елдің батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, күндіз солтүстік-батыста бұршақ, дауыл, түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болады.
Қызылорда облысының батысында, шығысында, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады.
03 шілде 2023 ж. 470 0