№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әскери қызмет - ел айбыны

Әскери қызмет - ел айбыны

Қазір екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар қаншама. Көбісі қызметкер емес, кәсіпкер болғысы келеді. Әрине оң болсын дейміз, бірақ түптеп келгенде кәсіпті күйіттеп, табысқа кенелу көптің қолынан келе бермейді. Сондықтан ақсап тұрған салалар бойынша мемлекеттік қызметке жұмыс берушілержиіледі. Оның ішінде әскери қызметке орналасу үшін жастарға мол мүмкіндік қарастырыпты. Осы сала төңірегінде талдап, таразылап, мамандармен байланысып көрдік.


Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшылығымен хабарласып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне орналасу жөнінде сауал жолдадық. Ол нақ осы күндері келісім-шарт бойынша әскери қызметкер боламын деушілерге іріктеу жүргізіліп жатқанын айтты. Қызмет өткеру кезеңінде Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері толықтай төмендегідей жүйемен қамтамасыз етіледі.

Бірінші, ақшалай үлеспен, сыйлықақы және жәрдемақымен қамтамасыз етіледі. Екіншіден, әскери қызметшіге және отбасы мүше­леріне тегін медициналық қызмет көрсетумен, әрбір отбасы мүшесіне тұрғын үй төлемдерімен, зейнетақымен қамтамасыз ету құқығымен, сондай-ақ, мемлекет есебінен толықтай заттай мүлікпен (киім-кешекпен) қамтылады.

Жалақысы сақталып, жыл сайынғы демалысқа шығумен және сауықтыруға өтемақы төлеумен. Астана және Алматы қалаларында қызмет өткеруі, әскери мамандық бойынша магистрлік дәреже алу мүмкіндігі бар кәсіби дайындықпен және кәсіби жаттықтырушылардың жоғары деңгейдегі физикалық дайындық жүргізуімен республикалық және әлемдік жарыстарда өнер көрсету мүмкіндігі бар. Бір сөзбен айтқанда, барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Біздің білуімізше, зейнетке шыққаннан соң қомақты қаржылай сыйақы беріледі. Енді жыл сайын барлық жағдайы жасалынуда.

Енді үміткерлерге қойылатын талаптармен танысайық. ҚР Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткерген немесе ӘТМ бітірген, 18- 32 жас аралығында болуы керек, үміткер және отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматы болуы және Қазақстан Республикасында туылуы тиіс. Үміткердің арнайы-орта (колледж) немесе жоғары білімі болуы міндетті. Үміткердің және отбасы мүшелерінің сотталмағаны, бойының ұзындығы 180 см-ден жоғары болуы керек екен. Өзін әскери қызметке арнауға ниет білдірген азаматтар төмендегі мәліметтер бойынша Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 30 А-үйге хабарласып, байланыса алады.

Әли ТЕМІРБЕК
03 тамыз 2023 ж. 153 0