Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Әскери антқа адал бол» онкүндігі

«Әскери антқа адал бол» онкүндігі


Қызылорда гарнизонында «Әскери антқа адал бол» онкүндігі аясында жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдарының қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.
Онкүндіктің мақсаты – алдағы уақытта әскери қызметшілердің арасындағы жарғыға сай емес қарым–қатынастардың алдын алу,  әскери ұжымдарды біріктіру үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін барынша арттыру және атқарып жатқан қызметіне адал болу.
  • Қарулы Күштерімізде әрбір әскери қызметші өз антына адал қызмет атқаруы тиіс деп білемін. Жарғыға сай емес қарым-қатынастардың алдын алу бойынша Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқармасында және бөлімдерінде кешенді жоспарларға сай іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осы онкүндік арқылы да әскери қызметшілеріміз достық пен әскери серіктестікті нығайтуға қол жеткізіп, әскери қызметіне адал болады деп сенемін, - дейді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің психологиялық қызметінің бастығы майор Нэлля Искакова.
Әскери қызметшілердің арасында аталған тақырып бойынша онкүндіктен тыс сабақтарда өткізіліп келеді. Сабақтар кезінде мекемеде өз қызметін асыра пайдалану, жарғыға қарсы әрекеттердің аяғы жауапкершілік пен жазаға әкеп соғатыны айтылды.
Жиынға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов пен психологиялық қызметінің бастығы Нэлля Искакова басшылық етті. Аталған шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып жүргізілді.

Мұхит Қонаров
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант  
20 сәуір 2021 ж. 504 0