Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысында ІТ саласы бойынша жастарға қолдау көрсетілуде

Қызылорда облысында ІТ саласы бойынша жастарға қолдау көрсетілуде

Қызылорда облысында ІТ саласындағы жастарға мол мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының базасында Google Developers Group Kyzylordа ұйымы ашылды. Сондай-ақ, осы жылдың қыркүйек айында Google Dev Fest іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Grand Master бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев мәлімдеді.


«Облысымыздың ІТ компаниялары мен стартап жобалары Астана Хаб халықаралық стартаптар технопаркінің қатысушысы ретінде тіркеле алады. Сонымен қатар, әрбір қатысушыға салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Қатысушы болу үшін компаниялар инновациялық 17 бағытта жұмыс жасауы қажет. Google Developers Group – бұл Google корпорациясының адами капиталды дамыту бойынша жұмыс жасайтын бөлімі. Бұл ұйымда өңіріміздің жастары үшін ІТ және стартаптар тақырыбында оқу және дамыту іс-шаралары мен курстары ұйымдастырылып, жылына 4 мәрте Google корпорациясының қызметкелерімен кездесулер, семинарлар өткізіледі. Одан бөлек, аталмыш ұйымның білім бағытындағы іс-шараларға қатысқан жастарға тегін түрде Google корпорациясының онлайн курстары беріледі», - деді Алмат Жомартұлы.

Байқауға өтінімді қабылдау осы жылдың 5 маусымы мен 10 шілдесі аралығында жүргізіледі «Елімізде жұмысын жандандырып отырған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант байқаулары басталды. Байқауға өтінімді қабылдау осы жылдың 5 маусымы мен 10 шілдесі аралығында жүргізіледі. Аталмыш бағдарламалар бойынша біздің орталықтан кеңес алып, өтінім беру бойынша сұрақтарыңызға жауап аласыздар. Қазіргі таңдағы IT-қызметтер деңгейін көтеру мақсатында Tech Orda бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында іріктеуден өткен әрбір үміткер еліміздің жеке мектептерінде IT-мамандықтар бойынша оқуға 600 000 теңгеге дейін ваучер ала алады. Сәтті бітірген түлектер IT компанияларда сынақтамадан өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Өтінімдерді беру осы жылдың қыркүйек айынан басталады», - деді Қорқыт Ата университетінің Кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Тубекбаев.
ІТ мамандары брифингте IteachMe 7.0 бағдарламасына да өтінім қабылдау басталғанын тілге тиек етті. Жоба аясында мобилография, дизайн, SMM, копирайтинг және Motion дизайн мамандықтарын тегін үйретуге байланысты қосымша 2 курс жүргізіледі.

«Бизнес-инкубатормен тығыз байланыс орнату арқылы жобаларымды жүзеге асырудамын. Қазіргі таңда, Chevron компаниясы және IteachMe қоғамдық қоры ұйымдастырған ITeachMe 7.0 бағдарламасына қатысуды қолға алудамын. Digital мамандықты игеріп, сұранысқа ие маман атану кез-келген студенттің мақсаты», - деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Айнұр Досжанова.
21 маусым 2023 ж. 159 0