№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтықтың жиілеп кеткенін ескертеді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтықтың жиілеп кеткенін ескертеді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) интернет кеңістігінде «Webtrader» инвестициялық компаниясының сайтына сілтеменің белсенді түрде таратылып жатқанын хабарлайды, онда қысқа мерзім ішінде кепілдік берілген инвестициялық кіріс уәде етіледі.


Алаяқтар белгілі блогерлер мен Агенттік басшыларының есімдері мен фотосуреттерін азаматтардың барынша көп санын тарту және олардың сеніміне ие болу үшін пайдаланады. Агенттік ресми түрде Агенттік басшылары немесе қызметкерлері биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алуды ұсынбайтынын және жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын тартпайтынын мәлімдейді.

Агенттік өз құзыреті шеңберінде бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуін және дамуын, оның инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді, қор нарығының және оның қатысушыларының ағымдағы жай-күйіне мониторинг пен талдауды жүзеге асырады, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Агенттік азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың қулықтарына ермеуге шақырады. Егер сізде қаржылық алаяқтармен байланыстыңыз деген күдік туындаса, тұрғылықты жеріңіздегі құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет.

Лицензияланған брокерлер тізімімен Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында танысуға болады. Агенттіктің интернет-ресурсында көрсетілген инвестициялық делдалдың деректемелері брокер лицензиясындағы деректемелермен сәйкес келуі тиіс екенін ескеріңіз.
Қаржы реттеушісінің интернет-ресурсында азаматтар Агенттікке шағымдармен жүгінген лицензияланбаған «инвестициялық делдалдардың» тізімі де орналастырылған.
19 маусым 2023 ж. 177 0