Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Зейнетақы активтерін 4 компания басқарады

Зейнетақы активтерін 4 компания басқарады


Бүгінгі таңда зейнетақы активтері төрт компанияның сенімгерлік басқаруында. Бұл туралы Egemen.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Зейнетақы активтерін 4 компания басқарады. Олар «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Jusan Invset» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ. 2022 жылғы 1 сәуірде зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құны 8,6 млрд теңгені құрады. Зейнетақы активтері портфелінің құрылымына кері РЕПО мәмілелері мен ақша қаражаты (29%), мемлекеттік бағалы қағаздар, оның ішінде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, ҚРҰБ ноттары (25%), ПАЙ-лар (24%), облигациялар (16%), акциялар мен депозитарлық қолхаттар (5%) кіреді. Валюталар бөлігінде зейнетақы активтері портфелінің құрылымында ұлттық валюта басым (71,5%), АҚШ доллары зейнетақы активтері портфелінің 28,5%-ын құрайды», делінген агенттік хабарламасында.
22 сәуір 2022 ж. 550 0