Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Үздік аула-2023» байқауына өтінім қабылдау басталды

«Үздік аула-2023» байқауына өтінім қабылдау басталды

Қызылорда қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Үздік Аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау алтыншы мәрте өткізілуде.


Байқау шартына биыл өзгерістер енгізіліп, жасыл-желекті көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағына да өз еңбегімен еккен қала тұрғындары қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo #Qyzylorda #Үздікаула2023 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, көгалдандырудағы тәжірибесімен бөлісіп, өз парақшасында сапалы суреттер мен 16:9 форматындағы видеоны жариялау қажет.

Байқауға материалдар 19 маусым мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Байқаудың қорытындысы комиссия шешімен анықталып, қала күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталады. Бұған дейін жеңімпаз атанған аулалар байқауға қайта қатыса алмайды. І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Байқауға қатысты барлық сұрақтарды Әсел Бақытбекқызынан 8 707 774 7606 телефон нөмірі арқылы білуге болады.
19 маусым 2023 ж. 407 0