№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » СМС - алаяқтық

СМС - алаяқтық

Алаяқтықтың бір түрі – СМС алаяқтық. Яғни, бұл ұялы телефоныңызға белгісіз компаниялардың атынан «сіз Астана, Алматы қалаларынан 2-бөлмелі пәтер, бағалы сыйлықтар, шетелге жолдама ұтып алдыңыз»-деген қызығушылық тудыратын хабарламалар жібереді.

Ауданымызда дәл осындай алаяқтық қылмысы болды. Яғни, бір компанияның не дүкеннің атынан «құттықтаймыз, сіз жүлделі болдыңыз мына номерге хабарласыңыз»-деп смс хабарлама жібереді.
Жәбірленуші басында бұған сенбей ешқандай номерге хабарласпайды. Содан біраз уақыттан кейін белгісіз бір номермен сол компанияның қызметкерімін «біз компанияның клиенттерінің арасында жүлде ойнаттық, сол кезде сіз Астана қаласынан 2-бөлмелі пәтер ұтып алдыңыз, енді оны алу үшін және пәтерді атыңызға аудару үшін бізге 200 000 теңге аударуыңыз керек, ол құжаттарды дайындап беру жүлденің ішіне кірмейді»-деп QIWI-әмиянның номерін береді. Солай жәбірленуші айтылған ақшаны аударып жібереді. Кейіннен қызметкер қайта хабарласып, тағы да ақша аударуыңыз керек, жетпей жатыр деп айтады. Тағы аударған соң, алаяқтар ақшаны көптеп сұрап, пәтердің құжаттары тез дайын болу үшін ақша аударыңыз керек деп 1-2 мәрте хабарласып, ақша аударудың жолдарын айта бастайды. Содан соң, жәбірленуші күмәнданып, оларға айқайлап ақшасын қайтаруын сұрағанда телефонды дереу қойып, сол күйі ол номер сөндірулі болады.

Жаңақорған ауданының полиция бөлімі.
22 мамыр 2023 ж. 119 0