№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КІЛЕМ ТОҚУ - ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ

КІЛЕМ ТОҚУ - ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ



Ел болып, етек-жеңін жиғалы бері қазақ төл өнерін ұрпағына насихаттап, әрбір салт-дәстүрінің мән-мағынасын терең ұғындырып, оны қадірлеп-қастерлеуге мән берген. Бірақ киіз басу мен кілем тоқудың ұлт үшін маңыздылығын ұмыт қалдыра бастағандаймыз. Көненің жауһар жәдігерін көзінің қарашығындай аялап, өз ұрпағына насихаттап жүрген жандар саусақпен санарлық. Солардың қатарында Түркістан қаласының тұрғыны Зәуре Саудабаева бар.
Қазақ кілемі тақыр және түкті болып бөлінеді. Тақыр кілем көбіне аяқ астына төселеді. Яғни, асханаларға төселген тақыр кілемді ас қалдықтарынан тез тазартуға ыңғайлы. Түкті кілем үй қабырғаларына ілінуінің себебі дыбысты бәсеңдету мен қатар сән береді.
Қазақ ұлтының ертеде қалыптасқан кілем тоқу өнеріне әр ру өзінше өрнек тауып, сапасын арттырып, сәнін жарастыруға мән берген. Содан болар қыпшақ кілем, адай кілем, керей кілем, қоңырат кілем, үйсін кілем секілді көпке белгілі төсеніш түрлері бар. Олар ою өрнегі де, жібі де әр қилы. Барлығында ортақ қошқар мүйіз оюы, бүркіт қанат, қиық секілді декаративтік безендірілулер пайданылды.
Кілемші Зәуре Саудабаева бүгінде 65 жастан асса да, қолыннан өрнек ағашын тастамай, кейінгі ұрпағына өз білгенін үйретіп келеді. Қыздарына қыз жасауын жасағанда үнемі өзі тоқыған кілемді қосады. Оның астарында жас отаудың махаббаттары берік, шаңырағы биік болсын деген ізгі тілек жатыр.
– Бала күнімде анамнан үйренген өнерді өмір бойы кәдеге жаратып келемін. Анамның аялы алақанының табы қалған көне кілемді күтіп ұстап, көзіндей сақтап келемін. Ендігі жерде осы үрдісті өзімнің ұл-қыздарыма аманаттап, әрі қарай жалғастырса деген арманым бар. Мәнісін білген адамға, кілем тоқу, өрнек құрудың да адам денсаулығына, ой өрісіне өте пайдалы, – дейді шебер.
Ұлттық өнерді ұмытпаған ісмер ауылдық «Ақ әжелер» сайысына қатысып, көпшілікке кілемшелерін қалай тоқылатынын насихаттап, ауыл тұрғындарынаң қызығушылығын оятты.
Айта кетерлігі, кілем тоқыған, өрнек құрған әйелдің ойлау қабілеті жақсарып, ашушаңдылыққа қарсы имминутеті қалыптасады екен. Саусағы мен білегі үнемі қозғалыста болғандықтан жүйке жүйесінің қызметі жақсарады. Мұны араб елдерінің ғалымдары дәлелдеп отыр. Сондай-ақ қазақ көне заманда айықпас дерттіні кілемге орап емдегені жайында шығыс елдерінің жазбаларында сақталған. Демек кілемнің әлі де бізге беймәлім қасиеті көп.

Макпал Марқабай
05 сәуір 2023 ж. 259 0