Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы 544, Қызылорда облысы әкімінің 2022 жылдың 30 желтоқсандағы 635-“Ө” өкіміне сәйкес, “Орта білім беретін үздік ұйым” грантын беруге арналған конкурстың аудандық кезеңіне құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20-сәуіріне дейін жүргізілетіндігін және байқау 24 сәуір күні сағат 9:00-де аудандық білім бөлімінде өткізілетіндігін хабарлайды.
ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Грант беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың отырыстары егер оған құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады;

Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Комиссия мүшелерінің даусы тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуіші дауыс болып табылады;
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ:

Конкурсқа қатысуға өтінімді;

Конкурстық комиссиясының қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар “Гранттар конкурсы” деген белгі қойылған конвертте қабылданады;

осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады(Қосымша барлық білім беру ұйымдарына жолданды);

Құжаттарын құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді;

Тиісті деңгейдің конкурстық комиссиясы ұсынылған құжаттар негізінде конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді;

Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау негізінде жеңімпазды анықтайды және облыстық кезеңге жіберу туралы шешім қабылдайды.