Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биыл А вирустық гепатиті көбеюі мүмкін – эпидемиолог болжамы

Биыл А вирустық гепатиті көбеюі мүмкін – эпидемиолог болжамы



Биыл А вирустық гепатиті көбеюі мүмкін. Бұл туралы елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді
Айтуынша, бұрын Астанада А вирустық гепатиті бойынша жылына 200-300 жағдай тіркелетін.
«Халық арасында бұл ауру терінің және көздің шырышты қабығының сарғаюы түріндегі негізгі клиникалық белгілеріне байланысты сарғаю деп аталды. 2005 жылы АВГ-ға қарсы жоспарлы вакцинация енгізілгеннен кейін аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 406,1 көрсеткіштен 2022 жылы 1,5-ке дейін төмендеді. Дәл осы жүргізіліп жатқан иммундау жұмыстарының арқасында елордада 2005 жылдан бастап екпе алған балалар мен жасөспірімдер ауырмайды», - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.Сонымен қатар ол былтыр қанша адамның А гепатитіне шалдыққанына тоқталды.
«2022 жылы қала бойынша 18 адам А гепатитімен сырқаттанды. Оның ішінде үшеуі – балалар, себебі олардың ата-анасы жоспарлы вакцинациядан бас тартқан. Биыл бұл дерттен 11 науқас емделді, оның ішінде 2003 және 2006 жылы туылған балалар бар. Олар А гепатитіне қарсы қорғаныш вакцинасын алуына мүмкіндік болса да, ата-аналарының вакцинациядан бас тартуына байланысты бауырдың зақымдануымен инфекцияға ұшырады. Елімізде А гепатитіне қарсы вакцинация Ұлттық егу күнтізбесі бойынша, тегін түрде, бала өмірінің 2 жылында, 2 есе, 0-6 ай сызба бойынша жүргізіледі. Ата-ана баласының жоспарлы вакцинациясынан бас тартқанымен, баланың денсаулығы мен қоғам алдындағы жауапкершіліктен босатылмайды. Өйткені, А гепатиті – бұл жұқпалы ауру, онда науқас инфекция көзі болып табылады және сарғаюға дейінгі кезеңде басқаларға эпидемиологиялық қауіп төндіреді», - деді Жанна Пірәлиева. 
26 ақпан 2023 ж. 179 0