№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биыл «Бір ел - бір кітап»

Биыл «Бір ел - бір кітап»



Сіз бұл әңгімені оқып көрген бе едіңіз? Бір деммен оқылатын әңгіме болса да оқып болған соң өзгеше сезімге бөленесіз. Егер оқымаған болсаңыз оқуға кеңес беремін және сізді қысқаша мазмұнымен таныстырып өтейін: Әңгіме Алма деген жас қыздың ауруы жайлы. Алма - өмірге құштар, кең жүректі және өте әдемі қыз. Алайда алманың өз-өзін оң қолмен қылқындыра беретін ауруы бар. Әсіресе, ұйықтап жатқан кезде мұндай жиі қайталанады.Ол өзінің оң қолына жауап бере алмайды. Анасы Алма үшін уайымдап ақыр соңында психиатрлық ауруханаға жатқызуға бел буады. Ол ауруханада бір жас дәрігер жігіт жұмыс істейтін болады. Ол күні түні Алманың қолын қараумен болады. Және әр күні түнге қарай Алмаға әңгімелер айтып беруді әдетке айналдырады. Осылайша жүріп ол бір күні Алманы бәрінен жасырып серуендеуге алып шығады. Алайда ауруханадан алып шыққан соң таныс біреу-міреу көріп қоймаса екен деген қорқынышпен жүреді. Ол Алманы алдымен саябаққа артынша киноға алып барады. Дәл осы күні ол Алмаға ғашық екенін түсініп, оны қалай да емдеймін деген шешім қабылдайды. Жас жігіт бас дәрігерге барып, оның оң қолын толығымен кесу керек екенін айтады ,алайда, дәрігер оны құптамайды және қыздың ата-анасымен ақылдасу керектігін айтады.Бірақ, жігіт ешнәрсеге улгермей қалады себебі дәл сол күні Алманың оң қолы оның түбіне жетіп тынады.
Барша әдебиет сүйер көпшілікті жыл кітаптарын оқуға шақырамыз!
19 ақпан 2023 ж. 269 0