№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шірімейтін алма ұрпақты шірітіп жүрмей ме?

Шірімейтін алма ұрпақты шірітіп жүрмей ме?

ШІРІМЕЙТІН
АЛМА ҰРПАҚТЫ
ІРІТІП ЖҮРМЕЙ
МЕ?
Бұрындары дейміз ғой, ж-о-о-қ шіли бұрын емес, Назарбаевтың бала кезінде де алма қатты болған. Кинода көргеніміздей бала Сұлтанның қатты алма жегісі келгенде әкесі ат арытып, шалғай ауылдан боранды түнде алма әкеледі. Алма болғанда қандай, қып-қызыл, тәп-тәтті алма ғой! Бұл тек кинодағы жағдай емес, өмірде болған оқиға. Арысы Алматыдан, берісі Бақанастан таситын сүйікті жемісті елдер ол кезде шетелден тасымаушы еді. Ал бүгін…
Өндіріс озған заманда жасанды алманы жеп жүрміз. Қазақстан жеміс-жидек өсіруге қолайлы аймақ бола тұра шетелден таситынымыз көңіл­ге көлеңке түсіреді. Сарапшылар импортталатын алманың 50 проценті шетелден келетінін алға тартады.
Статистика комитетінің мәліметінше, бір жылдың ішінде Қазақстан негізінен Қытай мен Польшадан 56,2 млн доллар сомасын құрайтын 121 мың тоннаға жуық алма әкеледі.
Жәй ғана шетелден тасығанына емес, адамның ағзасына пайдасынан зияны көп алма. Тіпті үйде айлап жатса да қалпын бұзбайтын қызылды-жасыл алмалардың адам денсаулығына тигі­зер зияны қандай? Осы жағын да сөз етейік. Мысалы пингвиннің генін алмаға қосу арқылы суыққа төзімді, үсімейтін алманың жаңа түрін шығарды. Ал аккула тісінің генімен мутацияланған алма ұрып-соқсан да қалпын бұзбайды, әрі шірімейді. Бұл – өнім адам ағзасына өте зиянды екенін айтпасақ та түсінікті. Базардан алма іздеп барып, дүкен иесінен сұрағанымызда:
– Алманы көрші Түркістаннан әке­леміз. Ал Түркістан базарына қайдан келетінінен хабарымыз жоқ. Бір білетінім, бізге Полшадан келген, Өзбекс­тандыкі немесе Қытай алмасы деп сатады. Көбіне қытайдыкін алмауға тырысамыз. Польшалық алма­ға сұраныс жоғары. Дәмі де тіл үйіреді. Өзбекстан алмасының дәмі жақсы болғанымен, тез солып қалады. Бізге сатуға тиімсіз болса да, халық дұрыс алма жесін деген ниетпен тасымалдаймыз, – деді Ұлбосын апай бізбен тілдескенде.
Ақпарат көздеріне қарағанда, Вашингтон университетінің зерттеу­шілері жыл бойы бұзылмайтын алма сортын шығарды. Бірақ жемісті белгілі бір жағдайда сақтау керек. Қазір мұндай алмалар америкалық дүкендерде сатылымға шығарыла бастады. Оған ғалымдар Cosmic Crunch деген атау берген. Алманы Enterprise және Honeycrisp сорттарын будандастыру арқылы алған. Зерттеу­шілер бұл сортты шығарумен 1997 жылдан бері айналысып келген. Олар­дың айтуынша, Cosmic Crunch алмасын +10 C температурада 12 айға дейін, тоңазытқышта 6 айдай, ал бөлме температурасында бірнеше аптадай сақтауға болады. Алма өте тығыз және оның қышқылдығы мен құрамындағы қант мөлшері өте жоғары екен.
Мысалы, Қытай алмалары сондай. Мұндай алмалардың ұзақ сақталуына оған күкірт газын, парафин, мыс сульфатын (медный купорос) қолдану себеп. Олар жемістегі барлық процестерді тұйықтап тастайды, деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұндай алманың қабығын жуып тазарту мүмкін емес, дұрысы – оны аршып тастап жеу керек. Дегенмен ондай алманың пайдасы қаншалықты, зияны бар ма – әзірге оны ешкім зерттеп көрген жоқ.
Еліміз «Агробизнес-2020» мемле­кеттік бағдарламасы аясында алма өсіруді қолға алды. Бақты қаржы­ландыру, яғни субсидиялауды мемле­кет өз қолдауына алған. Жыл сайын 300 мың тонна алма өнімін алу жоспарда бар. Яғни елдің әлеуеті Қазақстанды алмамен қамтамасыз етуге жетеді. 
Олай болса елде жұмыссыз жүрген, жастарға шірімейтін алманы тастап, кәсібін бастап, мол өнім алуға мүмкіндік мол. Өйткені шірімейтін көкөніс ұрпағымызды ірітіп жүруі де әпден мүмкін...
Иә, осылай сұрауымызға тура келіп тұр. Әңгіменің әлқиссасын әріден бастасақ…
Бала күнімізде ерте пісетін қант алма, жаздық, күздік, сақтайтын алма туралы көп еститінбіз. Қазір ше?
Иә, қазір қыста да, жазда да дастарханнан алма үзілмейді. Дұрыс қой. Десе де осы алманың қайдан келіп жатқанынан хабарыңыз бар ма? Жыл бойы солмайтын, шірімейтін алмалардың төркіні қайда? Шынында да елдегі алма езуімізге жетпей қайда кетіп жатыр?
Міне, тақырып осы жайында. 
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
01 шілде 2020 ж. 606 0