№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балық - берекелі бизнес

Балық - берекелі бизнес

Жаңақорған ауданда ауылшаруашылығы өркен жайып келеді. Әсіресе, мал шаруасына тым ширақпыз. Өнім өндіру мен егіншіліктен де кенде емеспіз. Дегенмен балық шаруасына сәл кешеуілдеп келеміз. Оған себеп көп, негізгі кедергі көлдерге келетін аяқ судың тапшылығы. Бірақ биыл су жеткілікті мөлшерде келді. Сондықтан биылғы жылы жоспар көп, меже айқын. Ең бастысы, тауарлы балық бағытына көшіп, мемлекет қолдауын сезіну керек. Бұл бағытта атқарылар шаруа шаш етектен.


 Өткен жылдың соңында Сыр өңіріне арнайы сапармен келген Премьер-министр Әлихан Смайылов осы мәселе төңірегінде нақты меже жүктеді. Одан кейін Үкімет отырысында балық шаруашылығын дамыту және жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына нақты тоқтады. Балық саласын дамыту бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 2030 жылға қарай 270 мың тоннаға дейін балық өсіру, балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайту және импорт көлемін 45 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін азайту жоспарланғанын көрдік.
Демек, біз сырттан балық тасымалдауды азайтып, қайта экспорт көлемін ұлғайту керекпіз. Сондықтан Үкімет басшысы балық шаруашылығы саласына инвестициялар тарту жұмысын күшейту қажет екенін атап өтті.
Аудандағы ахуал
Жаңақорған ауданында балық шаруашылығымен айналысатын 23 су айдыны болса, соның 8-і тауарлы балық өсірумен, 15 кәсіпшілік балық аулау шаруашылығымен айналысады. «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына» ауданымыздан 6 су айдыны, 1 тоған, 2 шарбақтық балық шаруашылығы енгізілген.
– 2022 жылы Жаманбала-Қамбаркөл және Қалғандария-1 көлдері тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының қатарына қосылды. Келінтөбе ауылдық округіндегі «Ислам» тауарлы балық өсіру тоған шаруашылығы ұзындығы 100-120 метрді құрайтын 12 тоған құрылысын салып, тауарлы балық шабақтарын салған. Осы жылдан бастап межелі өнім алу жоспарлануда. Бұдан өзге Жаңақорған кенті, Жаңауыл елді мекенінен «Сарбасов Сейдахмет» ДК, Жаңарық ауылдық округінен «Перуза» ш/қ және «Ғафур» ДК, Төменарық ауылдық округінен «QYZYL BALYQ» ДК, Көктөбе ауылдық округінен «Мұратбек» ДК, Жайылма ауылдық округінен «Томирис» ш/қ тоған балық шаруашылығымен айналысуда, – деді ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Жасұлан Тұрапов.
Жауаптың маманның сөзінше, биыл «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы теңгеріміндегі Жайылма ауылдық округінде орналасқан «Жиделі» су қоймасы және Жаманбай батыр ауылдық округіндегі «Бесарық» су қоймасында шарбақтық балық шаруашылығын құру жұмыстары жоспарлануда. Бұл да жақсы жаңалық.
– «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жұмыстарды жүргізу барысында мәселелер туындап отыр. Біріншіден, су айдындарында инфрақұрылым саласы, оның ішінде электр сымдарын тарту, бағаналар орнату жұмыстары кедергі келтіруде. Екіншіден, балық шаруашылығын дамыту үшін су айдынына су кіретін және шығатын бөліктеріне шлюз орнату да күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осы мәселелер шешілсе, үлке олжа болғалы тұр, – деді ол.
Субсидияға қандай құжат қажет?
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты маманы Асылбай Дәулетханұлы инфрақұрылымдарын дамытуға байланысты электр желілерін жүргізу және трансформатор орнату үшін жобасметалық құжаттарын жасап ұсынған жағдайда, облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім өткізіп, қолдау тапса, қаржы қаралатындығын атап өтті. Яғни, кез келген шаруашылық иесі бөлімге жоба-сметалық құжатын өткізуі тиіс.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Тәжібайұлы су айдындары иелеріне бизнес жоспар, жоба-сметалық құжаттарын жасап, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ұсыну арқылы мәселені шешуге болатындығын жеткізді. Сонымен қатар «Байқоңыр» ӘКҚ арқылы бірлескен өндіріс құру арқылы 51/49 проценттік үлеспен белгіленген мерзімге дейін төмендетілген пайызбен қажетті несие ала алады. Жақсы жобалар болған жағдайда гранттарға ұсынуға жәрдемдесетіндігін сөз етті.
   Бір сөзбен айтқанда, қос бөлім арқылы да, жоба-сметалық құжатты (ЖСҚ/ПСД) әзірлеп, өткізуге болады. Бірінде субсидия алсаңыз, енді бірінде қайтарымсыз қаржыға қол жеткізесіз. Екеуі де тиімді жол, қолдау тапса қос тараптан да кәсібіңізге инвестиция құйылады. Сөйтіп бабын тауып, балықтан да үлкен бизнеске қадам басуға мүмкіндік бар.
Иә, біз неге бұл тақырыпты қозғап отырмыз? Өйткені, соңғы жылдары балық бизнесі толайым табыс көзіне айналды. Қазір дарияның өзінде балық қалмай бара жатыр. Қарап отырсаңыз, балықтың келісі еттің бағасына жетті. Көп тұтынатын сазан балығының келісі 1600 теңгеден асып жығылады. Сондықтан қолда тұрған алтынды қадірлеп, балық шаруасын ширату керекпіз. Бастысы, мемлекет тарапынан жеңілдік бар.

Әлібек ТЕМІРБЕК
04 маусым 2023 ж. 318 0