№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қоғамдық орындарда балағаттап сөйлегендерге 69 мың теңге айыппұл салынады

Қоғамдық орындарда балағаттап сөйлегендерге 69 мың теңге айыппұл салынады

Қазақстан ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда балағат сөйлегендерге 2023 жылдың наурызынан бастап 69 мың теңге айыппұл салынады немесе 30 тәулікке қамауға алынады, деп хабарлады Азаттық радиосы.


"Бүгінге дейін ұсақ бұзақылығы үшін 17 мың теңгеден сәл астам айыппұл салынатын немесе 15 тәулікке қамалатын. Жаңа редакция бойынша 69 мың теңге айыппұл салынады немесе 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін қамауға алынады", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің өкілі Азамат Құрымбаев.

Түзету жаңа кодекс ресми түрде жарияланған соң 60 күннен кейін күшіне енеді.

Кейінгі жылдары әлеуметтік желіде қоғамдық орындардағы моральдық-этикалық мінез-құлық туралы пікірталас жиі байқалған.

2022 жылы жазда Астана мәслихатының депутаттары көшеде түкіргендерге айыппұлды көбейтуді ұсынған. Бұл ұсынысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қолдап, қоғамдық талқылауға шығару керек деген еді.

Былтыр Астана әкімдігі көлікте кетіп бара жатып түкіретіндерді мемлекеттік нөмірі арқылы анықтап, айыппұл салатынын хабарлаған. Алматы полицейлері де тұрғындарды көшеде түкірген автокөлік иелері туралы 102 қосымшасына фото және видео жіберуге шақырған.

Қазақстанда көшеде түкіргені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша бес айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл салынады.

10 қаңтар 2023 ж. 159 0