№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Боранда

1971 жылғы желтоқсанның ертең жаңа жыл деген күні еді. Жеті адам болып екі «Газ-53» көлігімен бетпақтың «Қара дүлей» деген аймағына сексеуіл әкелуге шықтық. Жерде із тастарлық қар бар. Таудың жолына түсіп, «Ақша» деген жерге келгенде бір қарыстай қар екен, қой қайтайық деп, екі ойлы боп тұрғанда арғы беттен бір трактор көрінді. Жол сұрап едік, сүрлеу бар, екі «Газ-51 машинасы» кетіп бара жатқанын айтты. Асудын аржағында шынжыр табанды трактор да көрінді. Нар тәуекел деп біз де жүріп кеттік.

  Жол бойы тайғақ, жаңбыр жауып үстіне жарты метр қар жауыпты. Бір қалыпты ақырын жүрмесең, сүрлеуден тайып мұзға түсіп тұрып қаласын. Қарды алты адам тазалап, алға жылжытып отырып. «Аңламастың» асуына келдік. Сол жерде қарға милыққан екі «Газ-51» көлігіне кездестік. Екі көлікте каникулға шығып ауылына бара жатқан 6 жасөспірім жанары жәудіреп, күздік жеңіл киіммен дірдек қағып отыр. Бізді көріп қуанып кетті. Асудың күн батыс жағында қар қалың екен жүре алмай тұрып қалдық. Бір газикті барлығымыз итеріп, асудан асырдық, өзіміз де болдырдық. Таңнын атуына үш сағаттай уақыт қалыпты. Құрманбек екеуіміз қалдық . Күн арқан бойы көтерілгенде жел тұтып суырсын бола бастағанын байқадық. Әкемнің айтқаны есіме түсті. Жонда қар болса жел тұрса ақжорға деген болады ақтүтек, дым көрінбей қалады, – деп еді ол кісі. Божбан руының Мырзабай деген датқасы күн жылыда Сырға барамын деп шығып кеткен екен. Етпісірім уақытта боран басталады, адасатынын білген шал мықты бір түп шиге атты байлап ықтау жерге аялдайды, Мырзабайдың кідіргенінен туыстары бір бәле болғанын біліп іздеп шықса аты қалың қарды таптап үстінде тұр екен, айнала іздеп жүріп қардың тесік жерін табады да, сол жерді аршып, шалажансар шалды шығарып алады. Сонда Мырзабай айтты деген сөз қалыпты. «Аңламасты жаз да болса аңлап ас». Менің ойыма осы сөз түсті. Дөнге шығып байқап, желді оң жаурынымнан соқтырып отырып «Ақсүмбеден» шығамын деп түйдім. Көліктің мотор кабинасын палаткамен әр жерін сыммен байлап жаптық, үстіндегі бөшкеге ұзын шланга тығып бөшкенің аузын шүберекпен нығыздап бекіттік. Содан кейін у деп боран басталды. Алдымызда бес метрдей жерде тұрған машина көрінбей қалды. Бактегі май азайғанда кабинадан басымды шығарып құйғанша кірпігіме екі-үш сантиметрдей сүңгі тұрды. Әдепкіде жұлып алып тастаймын деп қабағымды ауыртып алдым. Бір тәуірі кабина жылы еді. Үшінші тәулікте көліктің майы таусылды. Екінші көліктен май әкелу мүмкін емес. Көлікте төрт-бес метрдей ремень бар
екен, сонын екі ұшынан ұстап, жұмсақ сыммен етек-женімізді қымтап, желді оң иықтан соқтырып Ақсүмбеге қарай тарттық. Қар қатқан адамды көтереді, екі-үш жерде ойылып кетіп, біріміздібіріміз тартып алып отырдық. Шамамен үш төрт шақырымдай жүргесін ойға түстік. Ойда жел пәсендеу екен, елу метрдей аулақта қар да қауіпсіз, жолдың сілемі білінді. Шыншыр табанды трактор тұр екен. Сол жерде ременді тастап, ары қарай кете бердік. Ақсүмбе мазаратына жақындап қалғанда алдымыздан бір көлік шықты. Мен оларға қолыммен бұл жаққа жүруге болмайд деп белгі бердім. Сүйтсем бізді іздеп келе жатқан адамдар екен, жүгіріп кеп, бізді құшақтап, көздеріне жас алып жатты. Ақсүмбеге аман-есен келдік. Келген үйіміз Өмірбек құда, Саратай құдағидың отбасы бәйек болып күтіп жатыр. Үйлерінен сыртқы есігі ішке қарай ашылады екен, себебі көшкін қар басып қалады екен, соны күрекпен аршып түске дейін екі үйдің ортасына жол саламыз. «Бұл азапты көргенше Сырға қоныс аудармайсыздар ма?» десек, «Қыста көшетін боламыз, көктем шыққасын таудың көк кілемдей құлпырған жерін, таза ауасын жұтқасын ұмытып кетеміз» дейді. Артымыздан іздеп Әмір, Айдархан, Жандар, Мүсір автабазадан жол талғамайтын үш мостылы екі машинамен келді. Олар да жол бойы көп қиындық көріпті. Боран да басылды. Бөлімшенің бригадирі екі шынжыр табан трактор, үш жүз метр тросс беріп «көліктерінді шығарып алыңдар, біздің көмек осы» деді. Тросты тіркеп бір трактор жылжыса, кей жерде қар ойылып кетіп, оны екінші трактор тартып алады. Қардын қалыңдығы сондай трактор көрінбей қалады. Асқарбек пен Сеиілхан тракторымен қоса қарға көмілгенде қатты қорықтық. Не керек, екі күнде зорға үш-көлікті шығарып алдық. Қайтарда Шиелі жақтың асуымен астық. Бір машинаның үш мостысы да қирап оны жетекке алып көп қиындықпен он бес күн дегенде аман-есен ауылға келдік.
Бізді ол жаққа ажал емес, 6 жасөспірімнің көрер жарығы айдап барды-ау деп ойлаймын кейде. Қазір олар қайда жүр екен?
15 желтоқсан 2022 ж. 357 0