Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйелді қолдау қоғамды ізгілендіреді

Әйелді қолдау қоғамды ізгілендіреді

1999 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 25 қараша күнін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні деп жариялады. Осыған орай, республика көлемінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті. Біздің ауданымызда да атаулы акция аясында іс шаралар атқарылды. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.


  Еліміз егемендігін алғалы бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында оң нәтижеге қол жеткізді. Мемлекетіміз 1997 жылдан бастап әйелдердің арнамысын қорғайтын, құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, бірдей конституциялық қағидаларды жүзеге асыруды көздейтін, әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси Концепциясын іске асыруда. 1998 жылы 29 маусымда еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясына қосылды. Осылайша, өзіне Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды. Дәл осы жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентімен әйелдер және отбасы істері жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылып, жүйелі жұмыс жасап келеді. Әйтсе де, отбасындағы зорлықзомбылық жағдайы күн санап артып келеді.

Осыған орай, аяция аясында Адырбек Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың коворкинг орталығында аудан кітапханашыларымен жиын болып өтті. Жиынды Жаңақорған аудандық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова жүргізді. Жаңақорған ауданы әкімінің әйелдер ісі, отбасы гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Роза Ыдырысқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Жайна Жиенбаева сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Спикерлер акцияның мақсатын толыққанды түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой-пікірлерін бөлісті.

– Соңғы уақыттары отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі – әйел құқығын аяққа таптау ғана емес өскелең ұрпаққа тәрбие беруде кері әсерін тигізетін құбылыс. Өкінішке қарай, қазіргі кезде отбасыларына зәбір көрсетіп, күштеу жайттары көптеп кездеседі. Бұл адамның бүкіл ғұмырына қара таңба болып қалады. Сондықтан да отбасындағы тұрмыстық зорлықзомбылықты жою жолында құқықтық және практикалық шараларды іске асырып, оның себептерін кешенді түрде анықтап, тоқтатудың амалын жасауымыз қажет. Бұл туралы Жаңақорған ауданы әкімінің әйелдер ісі, отбасы гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Роза Исаева баяндады.

Осы тақырыптағы шара аудандық аграрлық техникалық колледжінде де өтті.
Қоғамда болып жатқан дүниелердің барлығы дерлік отбасынан бастау алады. Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат алып келеді» деген болатын ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. Сол себепті тәрбиені түзеу арқылы қоғамға дерт емес, абырой алып келер ұрпақ өсіру – міндетіміз. Зорлық-зомбылықтың санын емес, зорлық-зомбылықты жоюдың амалдарын қарастыруымыз қажет. Еркін өскен ұрпақ – біздің жарқын болашағымыздың кепілі,– деді шараға қатысқан жеке кәсіпкер Баян Божбанбаева. 

 Сондай-ақ, жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі осы өзекті мәселеге қатысты өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, мұндай жағдайларда мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмектесіп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтарының қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды. Отбасындағы кикілжің құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған орай, әйелдер мен қыздар арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шараларды көптеп жүргізу керек екендігі де айтылды.

Сонымен қатар, осы мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдары ғана емес, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының күшін біріктірудің қажеттілігі де әңгіме арқауына айналды.

Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі – отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылық, айуандық, ұрыпсоғудың аяғы адам өліміне апарып соғып отырған жағдайлар кездеседі. Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қауқарсыз қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі, қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігімен сипатталады.

Әйел – отбасының ұйытқысы, жұмыста белсенді, аяулы ана, сүйікті жар. Олардың бүгінгі қоғамда алар орындары ерекше. Осы тұста, көпшілік қауымға айта кетейік, егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз. Отбасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылықты алғашқы кезеңінде, тіпті қол жұмсау әрекетінің алдын-алуға болады. Заң бұзушылықтардың негізгі жағдайларын жинақтап, Сіздің және полиция қызметкерінің әрекетін көрсетуге тырысайык: Бірінші жағдайда адам Сізге байланысты әкімшілік заң бұзушылықпен қылмыс жасаған жоқ. Алайда өзінің әрекеттерін сіздің еркіңізге қарсы жүзеге асырады, сол арқылы өміріңізді қиындатады. Егер осылай болса, онда полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Осындай жағдайда полиция қызметкерлері құқық бұзушымен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Егер бұл жеткіліксіз болса, онда ол құқық бұзушы қорғау нұсқамасына алынып тиісті деңгейде заң шеңберінде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз!

Әсел Рзаева

15 желтоқсан 2022 ж. 310 0