» » «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жөндеуден өтті.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жөндеуден өтті.


Сәулеті келіскен мешіт 2008 жылдан бері қала жамағатына қызмет етіп келеді. Бір мезетте 2000-2500 адамға дейін құлшылық ете алатын Алла үйіне келетін жергілікті қала тұрғындары мен қонақтарының саны күн сайын көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде мешіт тазалығынан бөлек, ауласы мен ішкі жайлығын, халыққа қолайлы жағын қамтамасыз етуді талап етеді. Осы орайда, Сыр өңірінің бас мешітіне біршама жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Бұл туралы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Киелі нысан, облыстық мешіттегі игі басталмаларды қолдап, келбетін әрлеуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы мен кәсіпкерлер қолдау білдіріп, демеушілік жасады.

22 қараша 2022 ж. 175 0